Қосшы қаласының әкімі тұрғындармен кездесті
Қосшы жаңалықтары
272
24 тамыз күні Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов қала тұрғындарымен кездесті. Аталған шараға газет тілшісі арнайы қатысып қайтқан еді.
Қазір еліміздің барлық жерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес шаралар өткізіліп жатыр. Бұл шараларды өткізуден Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов те қалыс қалмады. «Лесная поляна» тұрғын үй алабындағы №2 мектебінің акт залына жиналған тұрғындардың қарасы мол болды. Жиналған жұртшылыққа қала басшысы осы жылдың жеті ай көлеміндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарын халыққа таныстырды, қалада атқарылып жатқан иігі істерді де аттап өтті.
Сонымен қатар кездесуге жиылған тұрғындар әкімге қаладағы әлі күнге шешімін таппай келе жатқан мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Әкім халықтың сөзін мұхият тыңдап, әр қайсысына нақты жауап берді. Сондай-ақ әрбір сұрақ пен ұсынысты міндетті түрде бақылауға алатынын айтты. Жиыннан кейін де Гайдар Қасенов тұрғындарды жеке-жеке қабылдады. «Мұндай кездесулер әр тоқсан сайын өтеді. Ескерте кетейік, аптаның әр сәрсенбісінде сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қосшы әкімі Ашық үкіметтің озық үлгісін көрсетуде», – дейді Қосшы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)