Қосшы жолдары қоғам назарында
Қосшы жаңалықтары
285
Қосшының «қала» статусын алғанына бір жылдан асты. Бұл аралықта шаһардың инфрақұрылымы дамып, сәулетіне сәулет қосылып, шаһар күннен-күнге көркейіп келеді. Осыған орай қала жолдарының жай-күйі, қысқа дайындығын білу мақсатында газет тілшісі Қосшы қаласындағы Жолдар бөлімінің басшысы Әсет Дінисламұлымен сұхбаттасып көрген еді. Сұхбат барысында Қосшы қаласының басты жолдарын жөндеу жұмыстары және оның жоспары, жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны, сонымен қатар «Лесная поляна» тұрғын үй алабына қала маңы маршруттарының кірмей қалуы сияқты мәселелер қалай шешімін тауып жатқаны айтылады.
– Әсет Дінисламұлы, Қосшы қаласының ең үлкен жолы Республика даңғылын жөндеу жұмыстары толық аяқталды ма? Оны қандай мердігер компания салып жатыр?
– Бүгінде қала аумағындағы жолдарды жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өздеріңіз білетіндей, бұл жолдың құрылысы біршама уақытқа созылды. Сіз айтып отырған қаламыздағы басты көшелердің бірі Республика даңғылын жөндеу жұмыстары 28 қазанда аяқталды. Мердігер компания – «Буландынский каменный карьер» ЖШС.
– Жалпы биыл Қосшы қаласындағы жолдарды жөндеуге (күрделі жөндеуге немесе қайта жөндеуге) қандай бюджет көздерінен қанша қаражат бөлінді?
– Ағымдағы жылы Қосшы қаласының көлік инфрақұрылымын дамытуға шамамен 5 229,2 млн теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4 931,2 млн. теңге, ал облыстық бюджеттен 298 млн теңге аударылды.
– Одан бөлек, биыл Қосшының қандай жолдары жөнделді? Сол жөнделген және жөнделетін көшелердің тізімі бар ма?
– Биыл бөлінген қаражат есебінен 23,2 шақырымды құрайтын жолдарда асфальт салу жұмыстары мына көшелерде: Абылай хан, А. Жангелдин, Зайсан, Байқоңыр, Атаусыз 5-ші көше, Берел, Нұра, Тәуелсіздік, Әбілқайыр хан, Ә. Бөкейхан, Баян Сұлу, Балуан Шолақ, Племстанция 9, Шырақ, Ш. Айманов, Атаусыз 12-ші көше, Бозоқ, Ақжайық, Қызылжар, Алматы, Атаусыз 4-ші көше, Қызылорда, Орынбор, Атаусыз 3-ші көше, А.Байтұрсынұлы, Кереку, Дулатов көшелеріне жүргізілді.
2023 жылы жөнделетін көшелер қаржыландырылуына байланысты анықталады. Шамамен күрделі жөндеу жобасына сәйкес, 20 шақырым көшежелісін жөндеуді және 60 шақырымдай жолдарды жобалық сметалық құжаттама әзірлеуді қажет етеді.
– Қосшыдағы жолдарда, тіпті, Республика даңғылында қарама-қарсы бағытты бөліп тұратын ақ жолақтар (разметка) жоқ. Байқауымызша, Республика даңғылына енді сызылып жатыр. Басты жолдарда ақ жолақтар қашан сызылып бітеді?
– Қосшы қаласының жол жөндеу жобаларында қарастырылған көшелерде жолақтар мен жол белгілерін орнату жобалар аяқталған кезде іске асырылады. Республика даңғылында қарама-қарсы бағытты бөліп тұратын ақ жолақтарды (разметка) қолайлы ауа райы жағдайында 10 қарашаға дейін орнату жоспарланған.
– «Лесная поляна» тұрғын үй алабына қала маңы маршруттары кірмей, Республика көшесі бойымен жүретін болды. Яғни қозғалыс сызбасы өзгерді. Бұған не себеп болды? Маршруттарды қайтадан ескі бағытына қайтару үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?
Қала маңындағы маршруттар төмендегі себептер бойынша «Лесная поляна» ТА кірмеді: біріншіден, тұрғын үй алабының тұрғындары жол бөлігіне шығып, ілеспе машиналарды тоқтатады, осылайша кептеліс пайда болады. Көліктер тыйым салу белгісі тұрғанына қарамастан тоқтайды.
Екіншіден, кептеліске және қысқа бұрылу радиусына байланысты автобустар жеңіл машиналарды соғып кетуі мүмкін. Осылайша автобустар мен заңсыз тасымалдаушылардың қатысуымен көптеген жол-көлік оқиғалары тіркеледі. Осының салдарынан жол-көлік оқиғаларынан келтірілген залалды өз есебінен қалпына келтіретін автобус жүргізушілері кінәлі болып шығады.
Үшіншіден, заңсыз тасымалдаушылар автобус жүргізушілерін ұрысқа итермелейді. Бұл кикілжің туғызуы мүмкін. Төртіншіден, жол бөлігін су басу мәселесі бар.
Қала әкімдігі жоғарыда аталған проблемалық мәселелерді шешу үшін келесі шараларды қабылдады: тиісті белгісі бар такси тұрағы үшін орын анықталып, жабдықталды, жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігіне жол бермеу бойынша қоршаулар орнатылды. «СМЭУ Астана» ЖШС мамандарымен бірлесіп, көлік құралдары қозғалысының өзгертілген схемасы талданып, қалалық полиция бөлімімен келісілді. «Тоқтауға және тұраққа тыйым салынады» тыйым салу белгілері, автобус жолағы орнатылды. Ұзындығы 1000 м болатын су бұру науаларын орнату және шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. ОДан бөлек «Сергек» бейнетіркеу камерасын қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– «Сергек» камералары туралы айтып қалдыңыз. Қалада байқасақ, бірнеше жерде «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың бәрі жұмыс істей ме? Жол ережесін бұзған көлік иелеріне айыппұл тіркей ме?
– Қосшы қаласында «Сергек» бейнебақылау камерасы 2 жерде орнатылған: біріншісі Республика көшесі мен «Лесная поляна» ТА қиылысында тұр. Екіншісі «Лесная поляна» ТА 8 үй тұсында орнатылған, әзірге айыппұл салынбайды. Айыппұл салу режиміне көшкен кезде Қосшы қаласының әлеуметтік желілерінде хабарланатын болады.
– Қосшы қаласында қанша автобус аялдамасы қарастырылған? Қаншасын орнату жоспарланған?
– Қосшы қаласында қала маңындағы 4 автобус бағыты бойынша 42 аялдама бар. Оның 22-сі аялдама павильондарымен жабдықталған. Биылғы жылы Республика көшесі бойында 10 аялдама орнату жоспарланған, қазіргі таңда монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
– Қалада бағдаршамдардың жетіспеушілігі байқалады, осы мәселе қандай шешімін тауып жатыр?
– Қосшы қаласында 7 бағдаршам қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 2 бағдаршамға қайта жандандыру жұмыстары жүргізілді (Республика-«Лесная поляна» ТА және Республика-Баубек батыр көшелері қиылысында). Сондай-ақ 2023 жылы негізгі көшелердін қиылысында 5 бағдаршам орнату жоспарланып отыр.
– Жол белгілері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі маңызы көп, осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
– Қала көшелерінде 1 576 дана жол белгілері орналас- тырылған. Жыл басынан бері 150-ден астам дана жол белгілері сәйкес келтірілді және 16 дана жасанды жол кедергісі, 5 белгілеу жаяу жүргіншілер өткелі, 2 дана шу жолақтары, 225 дана жол белгілері орнатылды. Қараша айының 15-не дейін 67 жол белгісін орнату жоспарлануда.
– Қаланың орталық көшелерінде қарқынды асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны байқалады. Ал қаланың шет аймағында орналасқан 19-20 шағын ауданында жол мәселесі қалай шешіліп жатыр?
– Осы жылы Қосшы қаласы көшелерін грейдерлеумен тас төсеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп, мердігерлік ұйым «BIKA» ЖШС 6 шақырымды құрайтын 19-20 шағын ауданының 8 көшесі және «Южный» шағын ауданының 1 көшесінде инертті материал төселді. Қосымша қала ішінде 4 шақырымды құрайтын жол желісіне жөңдеу жұмыстары жүргізілді.
– Жол құрылысы мен күрделі жөндеу жобаларында қарастырылмаған көшелерді бар екені белгілі, ол көшелерді жөндеу калай іске асырылады?
– Өтеусіз негіздегі меморандум шеңберінде «АБК Автодор НС» ЖШС мердігері Қосшы қаласының қамтылмаған көшелеріне көшелеріне жобаны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда бастапқы деректерді жинау жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды әзірлеу 2023 жылға жоспарланған, жоба әзірленгеннен кейін жобаны іске асыруға 2024 жылы бюджеттік өтінім берілетін болады.
– «Лесная полянада» көктемгі және жаңбырлы кезендерде жол бөлігін су басу, шұңқырларды жөндеу мәселері қандай шешіледі? Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізілді?
– «Лесная полянада» көктемгі және жаңбырлы кезеңдерде жол бөлігін су басу, шұңқырларды жөндеу мәселесін шешу мақсатында осы жылдың қыркүйек-қазан айында ұзындығы 1000 метр құрайтын су бұру науалары орнатылып, сонын арқасында басты көшенің су басу мәселесі шешімін тапты. Сондай-ақ 10 000 м2 аумақта шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)