Қосшыда оқушыларды «Картон» макеті қорғап тұр
Қосшы жаңалықтары
345
Мұндай жолды кесіп өтпек болған «картон» оқушының макеті Қосшы қаласындағы білім ордаларының жанында да орнатылды.
Қосшы қаласында жаңа оқу жылының басталуына орай балалардың қауіпсіздігі үшін бірқатар шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, мектеп маңайындағы көлік жолдарының бойына оқушының макеттері қойылды. Мұндағы мақсат – мектеп маңайындағы жаяу жүргіншілер жолына жақындаған көліктердің назарын аударып, жылдамдықты шамадан тыс асырмауына ықпал ету.
«Балам бірінші мектепте оқиды. Таңертең Абылай хан көшесінің бойымен келе жатқанда көліктердің ары-бері жоғары жылдамдықпен жүргеніне алаңдаушы едім. «Картон» қойып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткеніне қуаныштымын. Өте дұрыс болды», – дейді баласын бірінші сыныпқа берген Айнара Қалымбекова.
Жалпы, елімізде жыл сайын Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Бұл рейд барысында полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, балалардың жолда қауіпсіз жүруіне барынша назар аударады. Осындай игі бастамалардың бірі – «Картон» орнату. «Картон» тек балалар түрінде емес, полиция патрульдерінің көліктері күйінде де салынады.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
«Өнер – халық қазынасы»: Қосшының мәдени-рухани әлеуеті асқақтады
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда «Жаңа қала – Таза қала» экоплоггингі өтті (ФОТО)
Қосшы жаңалықтары
Қазақ тілін қажеттілік туған соң үйрендім – Қосшы тұрғыны Юлия Ким
Пікірлер (0)