Облыс орталығында тілдер мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді

Қосшы жаңалықтары
view 115
news

22 қыркүйек – Тілдер күні. Елімізде жыл сайын тілдер күніне байланысты іс-шаралар өткізіледі. Ал биылғы жылы өткізіліп жатқан тілдер мерекесі бұрынғысынан өзгеше. Оның ерекшелігі – ономастикалық жұмыстардың қарқынды жүргізілуінде. Яғни, атауы орысша мекендерге  тарихи фактілер мен ерекшеліктеріне сай қазақша атау беру. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Қосшы қаласында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай кемінде 17 іс-шара өткізілді. Ондағы қамтылған адам саны – 2 200. Іс-шаралар Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде жоспарланып, қалалық білім бөлімі, тілдерді оқыту орталығы, қалалық мәдениет үйі, қалалық орталық кітапхана, қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізілген. «Қосшы қаласы әкімдігі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4-1-тармағына сәйкес, Қосшы қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы бірлескен Қосшы қаласы әкімдігі қаулысы мен Қосшы қаласы мәслихатының шешімін, экономикалық есепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының отырысында қарастыру үшін жолдады», – деп мәлімдеді Қосшы қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы. Қосшы қаласында 19, 20 шағын аудан және 016 кварталда атауы жоқ 30 көше бар. Бұл көшелерде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *