Қуат Дүйсекеев: Президент «Мемлекет құламайды» деген бір сөзімен халыққа рух берді

Жаңалықтар
view 84

Осыдан тура бір жыл бұрын соңы мемлекеттік төңкеріске дейін ұласуы мүмкін күрделі жағдай туындап, оңтүстік аймақтарымызда қанды оқиғалар орын алды. Соған байланысты өткен парламент отырысын тікелей эфирде қарадым. Күштік құрылым өкілдері тергеу, тексеру шаралары бойынша жыл бойы атқарған жұмыстарына есеп берді. Бас прокуратураның айтуы бойынша қоғамдық тәртіпті бұзушы топтар қаңтар оқиғасына жыл бойы дайындалып, мемлекеттік құрылымды, басшылықты ауыстыруға білек сыбана кіріскен. Нәтижесінде еліміз бойынша қиын жағдай туындап, бейбіт күнде азаматтарымыз оққа ұшты. Президентіміздің батыл шешім қабылдауының арқасындасында құқық бұзушы топтардың арам ойы дер кезінде тоқтатылып, күштік құрылым өкілдері қоғамдық тәртіпті тез арада бақылауға алды. ІІМ-нің мәліметі бойынша 4623 қылмыстық іс тергелген. 19 полиция қызметкері қаза болып, 3 мыңнан астам әскери жарақат алған. Бүлікшілер 25 полиция ғимаратын қиратқан. Бұл өте ауқымды қылмыс. Осы жағдай халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштік құрылым өкілдерінің жұмысын жетілдіруді, заманауи қауіп-қатерлерге барынша сақ болуды талап ететін оқиға болды. Қаңтар оқиғасы жайлы нақты ақпараттарды жұртшылықтың назарына дер кезінде ұсына алғанда ғана біз қоғамда тыныштықты орната аламыз. Халық әрқашан шынайылық пен ашықтықты талап етеді. Бүгінгі отырыс мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әділеттілікке сүйене отырып, бейбітшілікті қамтамасыз етудегі, адам құқығын қорғаудағы атқарып жатқан жұмыстарымыздың нақтылығын паш етті. Осындай ашықтық арқылы ғана жаңа Қазақстанды құру жолындағы батыл қадамдарды жасай аламыз. Қуат Дүйсекеев,Қосшы қаласы мәслихатының депутаты  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *