«Күйеуге шығасың енді»: Танымал әнші тұсауын кестірді

Жаңалықтар
view 160
news

Фото: скриншот

Әнші Гүлмира Ізбасқан бала күнінде жасалмаған тұсаукесер рәсімін есейген шағында өткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ассалаумағалейкум. Менің тұсауым кесілмеген екен ғой. Бәсе, құлай беремін. 30 жастан асқан соң тұсау кескен қалай екен?! Мама, тәй-тәй демейсіздер ме?!– деп әзілдеді әнші. 

Рәсім кезінде ала жіп кесіліп, анасы қызына ақ батасын берді:

«2026 жылы саған табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол…» Ақ матаның үстімен жүріп, таңдау жасау керек болған сәтте Гүлмира барлық затты бірге алып, «Бұның бәрі – менің таңдауым» деп түсіндірді.

Желі қолданушылары да қарап қалмады: 

«Күйеуге шығасың енді», «Қадамыңа нұр жаусын», «Сыңарыңды тауып, бақытты бол», - деп жазды көпшілік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *