Кентауда көпқабатты үйде жарылыс болды: бір адам көз жұмды

Жаңалықтар
view 55
news

Фотосурет: Түркістан облысы әкімдігі

Кентау қаласында көпқабатты үйде орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ жарылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Төтенше оқиға бүгін түнде болған. Бірінші қабаттағы қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. 

Оқиға орнында 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр,-делінген ресми хабарламада. 

Оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров барып, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *