Литий батареялары зауытында алапат өрт шықты: 20 адамның денесі табылды (видео)

Жаңалықтар
view 180
news

Сурет: Уonhap News

Оңтүстік Кореядағы литий батареялары зауытында алапат өрт шығып, 20 адамның денесі табылды. Бұл туралы Yonhap news агенттігіне сілтеме жасаған Janabastau.kz хабарлайды.

Тағы үш адам хабар-ошарсыз кетті. Желіде өрттің видеосы да таралып кетті.Өрт ARIEL зауытында жергілікті уақыт бойынша 10:30-да (Астана уақытымен 06:30-да) болған. Сондай-ақ, өрт шыққан зауыт ғимараттарының бірінде 35 мыңнан астам дайын литий батареялары сақталған. Болжам бойынша, қаза тапқандардың көпшілігі – Қытайдан келген жалдамалы жұмысшылар. Өрт бес сағаттан астам уақыт бойы сөндірілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *