“Маған қоңырау келді“. Аралға “жаңбыр жауғызған“ Алтай Айнабек алматылықтардан көмек сұрады

Жаңалықтар
view 1147
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Аралға “қолдан жаңбыр жауғызамын“ деген Алтай Айнабек алматылықтарға үндеу жасады

Аралға "қолдан жаңбыр жауғызамын" деген өнертапқыш Алтай Айнабек енді Алматының ауасын тазартуға кіріспек. Ол алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды janabastau.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өнертапқыш Алтай Айнабек инстаграм-парақшасында ертең Алматыда ауаны тазартатын қондырғы қосылатынын хабарлады.

"Осы қыста Алматыда ауа сапасы біздің технологиямыздың көмегімен немесе табиғи жолмен жақсарды ма?" деген сұраққа жауап алу үшін қондырғыны тағы да қосып көреміз", - дейді ол.

Ол қондырғы жұмысын шетелдерден келген ғылым өкілдері мен ресми ұйымдар бақылайтынын айтты.

"Маған қоңырау келді. Қондырғыны қосатын уақыт белгіленді. Достар, ертең, 7 ақпан қондырғылар қосылады. Бұл жұмыстарымызды алыс-жақын шетелдерден келген азаматтар, ғылым өкілдері және ресми ұйымдар бақылайтын болады. Сіздер де міндетті түрде бақылаңыздар. "Дейін" және "кейін" суреттер жасап, бөлісіңіздер. Өйткені барлығы сіздер үшін, халық үшін жасалып жатыр", - деді Алтай Айнабек.

Ол қондырғының ресми қосу уақытын кім бекіткені, тексеруді қандай ұйымдар жүргізгені және кімнің бақылауында болғаны жайлы ақпаратты қорытынды шығарылғаннан кейін жариялайтынын айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *