Маған Халық әртісі берілгенде байым қуанған жоқ – Мақпал Жүнісова (ВИДЕО)
Фотосурет: «Алғашқы» бағдарламасы
Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі әнші Мақпал Жүнісова туралы пікір білдіріп, оның өнердегі орны ешқашан да жеке өмірімен өлшенбеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шықпаса да бәрібір халық әртісі атанып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болар еді. Себебі ол – табиғатынан әнші болып туған, дауысы мен болмысы бөлек өнер иесі.
Мақпал Жүнісова – тағдырлы әнші. Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шықпаса да ол Халық әртісі болар еді, Мемлекеттік сыйлықты алар еді. Ол бай әнші болатын еді. Бірақ Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шығу арқылы көп тойға бара алмай қалды, көп жерге шыға алмай қалды. «Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің арқасында мемлекеттік сыйлықты алды» деп айтатын адамдар қателеседі. Мақпал Алладан әнші боп туған адам. Оның әнін керең естиді, соқыр көреді, мылқау түсінеді, – деді Қалдыбек Құрманәлі.
Бұл пікірге Мақпал Жүнісова да әлеуметтік желіде жауап қатты. Әншінің жазуынша, Халық әртісі атағы берілген сәтте жұбайы аса қуана қоймағанмен, кейін оның өнерін шынайы мойындап, жоғары баға бергені жүрегіне ерекше қуаныш сыйлаған.
Қалдыбек жақсы нүкте қойыпсыз! Аузы қышығандар бар, әлі де маған дайректке жазатын, бірақ ондайларға жауап беруге де құлқым жоқ. Бір айтарым ғана бар – маған Халық әртісі берілгенде байым қуанған жоқ. Бірақ кейін менің әншілігімді мойындадым деп үлкен баға бергеніне мен қатты қуандым, – дейді Мақпал Жүнісова.
Пікірлер (0)