Марат Молдағұлов елімізде АЭС салу туралы: Ұтпасақ, ұтылмаймыз

Жаңалықтар
view 91
news

Сурет: Марат Молдағұловтың жеке архивінен алынды

6 қазанда Қазақстан халқы елімізде АЭС салуды қолдап немесе оған қарсы екенін білдіріп, дауыс береді. Осы ретте оқырмандарымызға АЭС жайлы кеңірек мағлұмат ұсыну үшін химия ғылымының кандидаты, МАЭК ЖШС БН-350 реакторлық қондырғысының директоры Марат Молдағұловтан сұқбат алды. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

- Марат мырза, атом энергетикасы саласы маманы ретінде Сіздің өзіңіз қандай пікірдесіз?

- Менің пайымдауымша, 2035 жылға қарай елімізде электр энергиясы тұтынысы 36 МВт-қа дейін артады. Ал бүгінгі таңда бізде жұмыс істеп тұрған өндіруші станцияларымыздың көпшілігі, яғни 70 пайызының тозығы жеткен. Көмірмен жұмыс істейтін станциялардағы да жағдай мәз емес. Ал бұл кезде электр энергиясы тұтынысының жыл сайынғы өсімі 3 пайыздан асып отыр.

Жалпы, бізде көмірмен, газбен жұмыс істейтін станциялар, сондай-ақ ГЭС те бар екені белгілі. Одан бөлек, елімізде жасыл энергия (жел, күн) көздерінің арқасында жұмыс істейтін станциялардың салынып жатқан жайы бар. Әрине, олардың әрқайсысын дамытып отыру қажет, сонымен қатар атоммен жұмыс істейтін станцияға да баса назар аударған жөн.

Иә, мен елімізде АЭС салуды маман ретінде қолдаймын. Жалпы, атом станциялары тұрақты әрі үздіксіз ток өндіретін көзге жатады. Мәселен, егер жаңғыртылатын энергетика тұрақсызға жатса, яғни ол ауа райы құбылысына тәуелді ғой, күннің ашықтығына немесе күннің желді болуына дегендей, ал атом энергетикасына бұлардың еш әсері жоқ.

- Дегенмен одан қоршаған ортаға зиян келмейді ме? Бұл сұрақ көпті алаңдатары сөзсіз. Мәселен, Фукусимадан шығатын қалдықтар теңізге ағып, экологиялық зардаптар тудыруда деген мәлімет бар...

- Қоршаған орта демекші, біз Париж хартиясына қосылғанбыз, оған сәйкес атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындылар көлемін азайтуға міндеттеміз. Мәселен, органикалық отынды жағу кезінде ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының шығарындылары 82 пайызға дейін, метан 13 пайызға дейін, азот тотығы 5,5 пайызға дейін жетеді. Міне, біздегі осы зиянды шығарындылар көлемін азайту керек.

Халықаралық талап осындай. Сондықтан атом энергетикасын жасыл энергетика ретінде қолдану, міне осы мәселемізді шешіп бере алады. Оның үстіне атом энергиясының генерациясы кезінде күл де, түтін де бөлінбейді, сонымен қатар мұндайда қалдықтарды сақтауға үлкен территория іздеп әлек болмайсыз.

Сонымен қатар, қазір кейбіреулер "Қазақстанда атом электр станциясы салынса, оны істететін кадрлар жеткіліксіз" дегенді айтып қалады. Мен мұнымен келіспеймін. Кезінде Қазақстанда Шевченко қаласында (қазіргі Ақтау) бүкіл КСРО мен әлемдік қоғамдастық үшін орасан зор тәжірибе бола білген жылдам нейтронды әлемдегі алғашқы БН-350 атомдық реакторы салынды. Қала да осы реактордың арқасында салынды, ал мұнда тұратын адамдар су, жылу, электр энергиясының жетіспеушілігі деген мәселені білмеді. БН-350-ден алынған энергия тарифтері дәстүрлі станцияларға қарағанда әлдеқайда төмен болғанын айтпай-ақ қойса да болады.

Сонымен қатар, БН-350-дің барлық жұмыс кезеңінде бір де бір апат болған жоқ, ядролық отынның ағуына әкеліп соқтырған штаттан тыс жағдайларға мүлде жол берілмеді. Өйткені ол арада көпдеңгейлі бақылау жұмыс істейді. Мәселен, әрбір қызметкердің қалтасында өлшегіш құралы (дозиметр) болды. Олар үнемі жүрген жерінде сол құрылғыға қарап, барлығын байқап отырады. Одан бөлек АЭС-қа жапсарлас жатқан территория, қоршаған орта, атап айтқанда, су, ауа, топырақ, жер асты су – барлығы үнемі тексеріліп отырады. Ал соңғы жылдары телеметрия, цифрлық технология қатты қарыштап дамыды, сондықтан бұл ретте ондай проблема болмайды деп санаймын. Бұрынғыдай қолмен өлшеп жүрмейді, барлық жерге датчик орнатып қойса, болды емес пе?..

- Демек, бізде тәжірие бар. Осы арасына кеңірек тоқтала кетсеңіз...
 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *