Депутаттарды әкім таңдамай, халық сайлауы қажет

Жаңалықтар
view 202
news

Фотосурет: akzhol.kz

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясы мүшесі Қазыбек Иса бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жергілікті өкілетті орган - мәслихаттардың рөлін көтеру туралы депутаттық сауалын жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Мәслихат депутаттары осы құқығын қалай пайдалануда?
Өткен жыл көрсеткендей, мәслихаттардың бұл құқығы, әкімдіктердің рұқсатынсыз жүзеге аспайды.
Халықтың өкілді билікке сенімін нығайту үшін мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету мақсатында Мәслихат төрағасы лауазымы енгізілді. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібі өзгертілді.
әкімнің рұқсатынсыз мәслихат депутаттары ешнәрсе істей алмайды қазақша айтқанда…
Мәселенің шешімі мәслихаттардың әкімдіктерге тәуелділігін жою жолымен шешілуі тиіс. Мәслихаттың дербес құрамын әкімдіктің келісімімен айқындауды тоқтату қажет. Депутаттарды әкім таңдамай, халық сайлауы қажет, - деді Қазыбек Иса.
 
Айта кетейік Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады» деп атап өткен болатын.
 
 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *