Мәслихат төрге шығып, ісі өрге шығып кеткен жоқ - Қазыбек Иса

Жаңалықтар
view 145
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатыҚазыбек Иса бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәслихатты әкімдікке тәуелсіз институт ретінде  қарастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Мәслихат хатшысы» деген лауазым “төрағаға” ауысқаннан, мәслихат төрге шығып, ісі өрге шығып кеткен жоқ.
Шын мәнінде, бүгінде әкімдіктердің мәслихаттарға толық үстемдігі анық, өйткені нақты билік атқарушы тармаққа тиесілі.
Бұл халық сайлаған депутатқа тағайындалған әкімнің үстемдік етуі демократиялық ұғымға ешқандай сай келмейді,- деді мәжіліс депутаты.

Еліміздің Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында мәслихат мәртебесі мен қызметінің негізгі қағидаттары толық ашып көрсетілуі тиіс екенін айтты.
 
 Халықтың атынан өкілдік ететін органның Тәуелсіздік, Дербестік, Жариялылық секілді басты тіректері Заңмен бекітілуі керек.
Мәслихатта мән болмаса, жалпы өкілетті органда оның өкілеттігін күшейтетін заң болмаса, халық сайлаған депутаттар қалай жұмыс істемек?
Осыған байланысты,  2022 жылғы Конституциялық реформаларда қарастырылған жергілікті өкілді органдардың мәртебесін көтеру аясында,
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жергілікті деңгейде «ықпалды мәслихат – есеп беретін әкім» формуласына жалғастырып, олардың өкілеттіктері аражігін айқындап, мәслихатты әкімдікке тәуелсіз институт ретінде билік тариақтарының тепе-теңдігіне жеткізу шараларын қарастыру қажет, - деді Қазыбек Иса.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *