Су тасқынына дер кезінде тосқауыл болмаған мәслихат депутаттарының әлсіздігі - депутат
Фотосурет: Ашық дереккөзден
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясы мүшесі Қазыбек Иса бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жергілікті өкілетті орган - мәслихаттардың рөлін көтеру туралы депутаттық сауалын жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Мәслихат депутаты өңірлердегі су тасқынына дер кезінде тосқауыл болмауы жергілікті мәслихат депутаттарының өкілеттігінің әлсіздігіне байланысты дейді.
Себебі өңірлерде су тасқыны болатынын ескерткен мәслихат депутаттарының дабылын әкімдер құлақтарына қыстырмаған. Оның арты міне, алапат су тасқыны мен қырғын мал мен үй, мүлік шығындарына алып келді. Бұл еліміздің атқарушы билігіне ащы сабақ болуы тиіс және мәслихат депутаттары өкілеттігін күшейтуді жеделдету қажет,-деді Қазыбек Иса.
Пікірлер (0)