"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының экс-басқарма төрағасы ұсталды

Жаңалықтар
view 153
news

Фотосурет: opennews.kz

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы аса ірі көлемде қаржы жымқырған деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды   janabastau.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды, - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *