Медициналық академия оқытушысы соққыдан қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөзден
Оқытушыны көшеден өтіп бара жатқан адамдар ес-түссіз жатқан жерінен тапқан, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
16 мамыр күні түнде 1967 жылғы азамат ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер мидың ауыр жарақатымен науқасты жансақтау бөліміне жатқызғанын айтады. Бірақ марқұм комада жатқан күйінде ес жимастан, көз жұмған.
Әзірше жаға ұстатар жайтқа қатысты әлеуметтік желіде екі нұсқадағы ақпарат тарап жатыр. Бірінде білікті ұстазды мектеп оқушысы ұрып өлтірген десе, енді бірі марқұмды көлік қағып кеткен болуы мүмкін дейді. Ал полиция аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті анықталғанын мәлімдеді. Ал өзге ақпарат тергеуге байланысты жария етілмеді.
«Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
Пікірлер (0)