Мектеп директорларының жалақысы қайта қаралатын болды

Жаңалықтар
view 54
news

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы мектептерінің директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды janabastau.kz. Диалог алаңында басшыларға білім беру сапасын арттыру бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан міндеттер мен шаралар туралы айтылды. Семинарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы орта құру, цифрландыру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру және т.б. мәселелер сөз болды. Бұдан кейін кездесу TEDx форматында жалғасты. Оған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, отандық білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Педагогтерді кәсіби дамыту жүйесі түбегейлі өзгеруде. Қазіргі тәжірибелі топ-менеджерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге тағылымдамадан өтуге жіберілетін болады. Педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады, - деді министр.

Кездесуге барлығы 800-ге жуық мектеп, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары қатысты. Күні бойы олар менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тәжірибе алмасып, білім алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *