Таразда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 85 жылдығын мерекелеу аясында және ақынның туған күніне орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Айтысты ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Жыр додасына республиканың барлық аймағынан 16 ақын қатысады. Айтысты жүргізушісі – белгілі ақын, Парламент депутаты Аманжол Әлтаев.
Айтыс 1 наурыз күні А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өтеді.
Пікірлер (0)