«Мемлекеттік деңгейде іздейтіндей қылмыскер емеспін»: Қайсар Қамза үн қатты
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Атышулы танымал блогер Қайсар Қамза өзінің іздеуде жүргені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер желідегі парақшасында әуелі дастархан басында отырған суретін бөлісіп, «бәрі дұрыс» деп қысқа сипаттап жазды.
Жазба бірден қызу талқыланып, қолданушылар оны Қамзаның жағдайға салқынқанды реакциясы ретінде қабылдады. Алайда көп ұзамай блогер бейнежазба жариялап, өзіне іздеу жарияланғанына ашық наразылығын білдірді.
«Мен кімнің жолын кесіп өттім өзі? Тып-тыныш өмір сүрдім, бәрімен аман-сәлемім түзу болды. Ешкімнің тұнығын лайламадым. Ендеше не үшін бүкіл ел болып, мені құдды мемлекеттік деңгейдегі қылмыскер сияқты іздейді? Соншалықты қауіпті қылмыскер емеспін ғой», – деді Қамза видеода.
Артынша жариялаған тағы бір видеосында блогер:
«Егер әлгі жаққа (абақтыға) әкетіп жатса, сусын, темекі, басқа керек-жарағымды жеткізіп тұрарсыздар. Мен сендерге сенемін, оқырмандарым, сендерден басқа кімге сенемін?» – деп әзіл-шыны аралас пікір білдірді.
Пікірлер (0)