«Қанды сүртіп кеткен» - Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты жантүршігерлік дерек

Жаңалықтар
view 33
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Атырау облысында жоғалған отбасының туысы жантүршігерлік жайтты айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен. 6 қаңтарда жоғалған ерлі-зайыптының сүйегі сарайдан табылды. Марқұмдардың жақындары Massaget.kz-ке іздеу жұмыстары қалай жүргізілгенін айтты. 

Осы сарайда диван тұрған. Екі кісілік диванды қойған, астына киізін жауыпты. Біразға дейін иістенбепті (сүйектер - еск.). Бүкіл ел болып іздедік. Сарайдың ішінде аздап қан шашыраған, негізі сүртіп кеткен. Көзге білінбейді. Алашаларының бәрін төсеп кеткен, - деді осы отбасының туысы Фаризат Кенжеғалиева. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланған болатын.

Күдікті Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев. Оны іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Оғ,ан ІІМ-нің өзі бастамашы болып отыр. Ал істі Атырау облысының полиция департаменті жүргізеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *