«Мені әлі ұмытқан жоқ, мені құрметтейді» – Жанар Дұғалова

Жаңалықтар
view 261
news

Жанар Дугалова: Instagram.com / zhanar_dugalova

Әншіактрисакөптен бері көрінбей жүрген Жанар Дұғалова актерлік карьерасын қайта қолға алды.

Бұл жолы ол музыкалық комедияда кшоу-бизнес өкілін сомдайды, деп хабарлайды janabastau.kz Qazaq.today-ке  сілтеме жасап.

«Ең бастысы ол әрине музыкалық комедия болғандықтан маған ұнады. Ұсыныс жасағанда әнші туралы деді және де әрине көптеген әндер орындалатынын айтты. Сондықтан да әрине мен… Мен үшін актер ретінде және әнші ретінде жаңағы бір оқпен екі қоян атқандай болды», – дейді актриса.

Бір жыл бұрын киноға түскен өнерпаз ұсыныстар өте көп түсетінін айтады.

«Бірақ енді уақыттың тығыздығына байланысты, өзімнің жеке өмірім бар, өзімнің әншілік жаңағы гастрольдерім бар. Сондықтан да әрине, егер маған сценарий, режиссер ұнаса ғана мен қабыл аламын ұсынысты», – дейді ол.

Сонымен қатар ол әншілік карьерасын сөз етіп, неліктен аз ән шығаратынын тілге тиек етті.

«Менің байқауымша және ол менің ұстанымым, және тәжірибе. Тәжірибе… Иә, егер әншіні халық ұнатса, жанкүйерлері жақсы көрсе жүз жылда жаңа, жиырма жылда бір ән шығарса бәрібір жақсы көреді», – дейді әнші.

Жанар жас әншілерден де дуэт айтуға ұсыныстар жиі түсетіні айтады.

«Жас буыннан қуантып жатыр мені. Ұсыныстар түседі. Яғни, мені әлі ұмытқан жоқ, мені құрметтейді, менімен ән салғысы келеді. Бірақ та енді маған келетін репертуар әлі естімедім. Маған Sadrsddin, Kalifarniya деген  талантты жігіттер ұнайды өте. Көп жанкүйерлерім жазып жатады «Неге концерт бермейсіз?» деп. Әр нәрсеге өте жауапкершілікпен қараймын. Сондықтан да концерт жасасам ол сондай бір мықты, Қазақстанда болмаған , ерекше концерт болу керек мен үшін», – дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *