Мәслихат депутаттары есеп берді

Жаңалықтар
view 556
news

Ақпан айының 17 күні Сегізінші шақырылған Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары қаламыздағы №3 орта мектепте жұртшылықпен кездесу өткізді. Жиынға қала әкімі Гайдар Қасенов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айдын Төребаев, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сайраш Матайбаева, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабділбар Абақов, шаһар әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, құзырлы орган өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Кездесудің басты тақырыбы – депутаттық корпустың 2023 жылғы атқарған жұмысы, тұрақты комиссиялары қызметінің есебі туралы болды. Возможно, это изображение 3 человека и текст Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың желтоқсан айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында бірқатар маңызды саяси бастаманы жария етіп, аталған бастамаларды іске асыру жөнінде ел үкіметі тиісті жоспар қабылдаған. Бұл – еліміз үшін дер кезінде қолға алған маңызды реформаларды жүзеге асырудың қажеттілігі болатын. Реформа аясында мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту сияқты маңызды саяси шешімдер қабылданған. Возможно, это изображение 4 человека Халықпен өткізген кездесу – қосшылық депутаттардың қоян жылы атқарған жұмысы туралы дайындалған бейнебаяндардан басталып, мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбековтің баяндамасымен жалғасын тапты. Әлихан Жұмаханұлының сөзінше жаңадан сайланған мәслихат депутаттары үшін жаңа міндеттер жүктелген. Жергілікті өкілді органның қызметін үйлестіруде қала әкімдігімен, жергілікті қоғамдық кеңеспен және қоғам белсенділерімен ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, 2023 жылы Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары: – 38 мәрте өз бастамалары бойынша халықпен кездесуге барған; – 58 рет қала әкімдігімен, қоғамдық кеңес өкілдерімен бірлесе отырып азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді; – 33 рет отырыстар (мәслихат комиссияларының, жұмыс топтарының, Қоғамдық кеңеспен бірлескен) өткізді; – 19 мәслихат сессиясы; – 6 рет арнайы депутаттық сағат ұйымдастырылған; –94 депутаттық сауал жолданған, оның барлығына жауап берілген. Барлық депутаттық сауалдардың – 12 – Ақмола облысының әкімдігіне қарасты басқармаларға, 9 – түрлі мәселелер бойынша ЖШС, АҚ, ҚБ, жекелеген компанияларға (мысалы, ҚазАвтоЖол» АҚ, «СTS», «SAF-2013» ЖШС), 73 – министрліктер мен оларға қарасты комитет, департаменттерге, қала әкімдігінің бөлімдеріне және т.б. мекемелерге бағытталған. Депутаттық корпус мәслихат қызметін жетілдіруде форумдар мен семинарларға тұрақты қатысып тұрады. Мәслихаттың 6 депутаты «АМАНАТ» партиясынан сайланған. Өткен жылы маусым айында «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. Панельдік сессиялар қатар жүргізілген форумда депутаттарымыз Қосшы қаласына қатысты сауалдарын тікелей министрлерге қойып, өзекті мәселелерімізге олардың назарын аударды. Мысалы, Ақмарал Бекбаева Қосшы қаласындағы қоғамдық резонанс тудырған мектептегі та мақтану мәселесі бойынша сауалын жолдаса, мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылы тұрғындары үшін аса маңызды экологиялық мәселе, яғни қоқыс полигоны туралы сауалды көтерді. Кейін бұл мәселені ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинскаямен кездесу барысында және Аршалы ауданында Астана, аудан мәслихаттарының төрағаларымен өткен дөңгелек үстелде де көтеріп 2024-2028 ж.ж. арналған Астана агломерациясының даму жоспарына енгізуге себепкер болған. Сондай-ақ мәслихат төрағасы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімоваға Қосшы қаласында орта-кәсіби оқу орнын ашу туралы сауал қойды. Бұл мәселені қарастыру үшін ҚР Парламент Мәжілісі сауалды ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жолдады, қазіргі уақытта депутаттық сауал қарастырылу барысында. Тайтөбе ауылынан сайланған депутат Болат Абдрахманов Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылына газ беру мәселесі бойынша, сонымен қатар сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша өз ойындағы сауалын жауапты министрлерге жолдаса, Баянды Сахарияұлы мәдениет саласындағы жұмыс жасайтын азаматтық қызметшілердің жалақысын көтеру туралы сұрақтарды тиісті лауазым иелеріне қойды. Нәтижесінде Ақмола облысының мәдениет басқармасынан келіп түскен хатта Президент тапсырмасы бойынша лауазымдық жалақыға түзету коэффиценттерін қолдану арқылы жалақы көтеру кезең-кезеңмен арттыру басталғаны хабарланды. Яғни 2024 жылы коэффицент 1,71-ге, 2025 жылы 2,0-ге көтеріледі. Одан кейін, өткен жылдың 4 желтоқсаны күні «АМАНАТ» партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының Көкшетау қаласында өткен облыстық форумы барысында депутаттарымыз өңір басшысына, басқарма басшыларына тұрғындар тарапынан түсіп жатқан сауалдарды қойып, оған жауаптар берілген. Халық пен биліктің арасындағы көпір ретіндегі депутаттық корпус тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілуін, ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз етуде қала әкімі Гайдар Қасеновтің атқарушы органның барлық құрылымдарына тиісті тапсырмалар бере отырып, жұмыстың нәтижелі болуы үшін жағдай жасап келе жатқанын айтпай кетуге болмас. Қаламыздың тіршілігі үшін маңызды істердің кешенді жоспарын құра отырып, сол бойынша іс-қимыл жасап жатқан мәслихат депутаттары жұртшылықтың өтініштері мен шағымдарын зерттеу, олардың оң шешімін табу мақсатында тұрғындарға өздері барып кездесулер өткізді Сәуір айынан бастап шілдеге дейін «Лесная поляна», «Шоколад», «Сиреневый сад», «Табыс Құрылтай», «Даймонд парк», «Алтын дала», «Нұрай», «Алтын Орда», «Орион» және т.б. тұрғын үй кешендерінде өткізген кездесулер тұрғын үйлер аумағындағы көптеген мәселенің шешімін табуға себепкер болса, тамыз айынан бастап жеке сектор тұрғындарымен ұйымдастырылған кездесулер тұтас Қосшы қаласының аумағын қамтыды. Әр жиында көтерілген мәселе бойынша түйткілді мәселелердің тізбегі жасалып, жұмыс жүргізілуде. Жыл бойы өткен кездесулерде айтылған Меңжасаров Еркебұлан, Ахметова Гүлнар, Макижанова Алия, Белялов Қайдар, Абильмажинова Кульшар, Марат Сапарғали, Жайлаубаева Маржан, Серикова Сая, Ақбаева Әсемгүл, Сыдыкова Айгүл, Ертаев Жұмағали, Тоқаева Сәуле, Әбдікәрімова Қарлығаш, Қалиев Ақылберді, Кудебеева Роза, Түркменбаев Бақытжан, Шайдахметова Гүлшат, Алишев Шамшат, Сулеймен Дукенбайулы, Рысбекова Нагима, Алдаберген Байқарай, Альмуханова Айкенже, Касенов Сакен сияқты азаматтарымыздың көтерген сауалдарының көпшілігі өз шешімін тапты. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатқандары да бар. Осы орайда мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков өз бастамасымен мәслихат депутаттары қаламыздың мәселесімен жіті таныс болуы, әрі мәселені шешуде кәсіби көмек көрсетуі үшін депутаттарды сала бойынша қосымша бекіту жүргізгенін атап өтуге болады. Мысалы, Тайтөбе ауылының өзекті мәселелері; – Бекбаева Ақмарал Бақытжанқызы – білім сапасы және әлеуметтік сала; – Данабек Ақылбек – мәдениет пен спорт саласын қамтамасыз ету; – Ділдәбек Ерғали Дүйсенұлы – су тасқынына қарсы іс-шаралармен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, кәріз, сумен жабдықтау, көшені жарықтандыру; – Ибраев Шохан Саматұлы – жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету; – Қасенов Нұрдәулет Нұрсейітұлы, Тәшенов Мақсат Еркінұлы – жолдарды жобалау және салу сапасына қатысты; –Осипова Ирина Серікбайқызы – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, полиция қызметтерімен жұмысты үйлестіру, абаттандыру (бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер белгілері); – Райханова Динара Қуанышқызы – кәсіпкерлікті дамыту; – Сахария Баянды – мәдениет және спорт нысандарының құрылысын бақылау мәселелері бойынша жұмыс жасайды. Бірақ, ауқымды, әрі шұғыл шешуді қажет ететін жұмыстар барысында барлық депутат тек өз округтерімен ғана шектеліп қалмай, тұтас қаламыздың мәселесімен айналыса береді. Өз баяндамасында Әлихан Қуатбеков әр депутаттың жыл бойы атқарған жұмыстарына шолу жасай отырып, шаһарымыз бойынша атқарылған басты істердің бірқатарына тоқталып өтті. Депутаттық корпус жергілікті атқарушы органмен, Қоғамдық кеңеспен және қоғам белсенділерімен бірлесе отырып өз қызметінде: –Президенттің балалар алаңын көбейту туралы нақты ұсынысы негізінде 2023 жылы жоспардағы 5 балалар алаңына қосымша 4 балалар алаңын (ЛП-12, 13, 17 үйлер аумағына және Кейкі батыр көшесіне), 1 футбол алаңын орнатуға қол жеткізді. – Қалада іске асырылып жатқан 3 жылдық сумен жабдықтау бағдарламасының аяқталуын күтпей, Ақмола, Көкшетау көшелеріне және өткен жылы қазан айының соңында 19-20 шағын аудандарға және ауыз су беруге ықпал етті. Судың сапасын арттыру бойынша жұмыс кешенді түрде жүзеге асуда. – Соңғы 3 жылда құрылыс жұмыстары аяқталмай жүрген №3 мектептің пайдалануға берілуіне, қалалық емхананың ашылуына тікелей ықпал етті; – Депутаттар көпшілік тұрғындардың қоғамдық көлік мәселесіне қатысты шағымдарын назарға ала отырып «№1 Автобус паркінің» басшылығымен, СTS компаниясының басшылығымен, Астана мәслихатының төрағасымен бірнеше рет келіссөздер өткізді. Нәтижесінде қаламыздағы қоғамдық көлік саны 11 бірлікке дейін ұлғайды. Бүгінгі күні қызметтің сапасын жақсарта түсу бағытындағы жұмыстар (уақытылы жүру, қарбалас уақыттарда аралықты жиілету) жүргізілуде. Возможно, это изображение 12 человек, люди учатся и стол – Қала тұрғындарын абаттандыру мен көгалдандыру ісіне ынталандыру мақсатында апта сайын сенбіліктерге белсенді қатысумен қатар қала күніне орай депутаттар өз қаражаттарымен Республика көшесінің бойына «БІРЛІК» аллеясын орнатып, шаһарымызға сыйға тартты. Депутаттардың халықпен өткізген кездесуі барысында мәслихат төрағасы бұдан өзге де атқарылған жұмыстар туралы ақпаратымен бөлісе отырып, қаламызды дамытуда әлі де болса жасалатын жұмыстардың көп екенін атап өтті. Оның ішінде Қосшы қаласын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету «Қосшы қаласын электрмен жабдықтаудың 4-кезегі», «Тайтөбе ауылын электрмен жабдықтаудың 2-кезегі» жобалары бойынша жұмыс жүріп жатқанына, бұл мәселе мәслихат депутаттарының назарынан тыс қалмайтынын тілге тиек етті. Кездесу аясында залға жиналған көпшілік депутаттарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Олардың қатарында қаламыздағы қараусыз қалған ит, мысықтар мәселесі, абаттандыру жұмыстары, құрылыс жұмыстары туралы және т.б. салаларға қатысты сауалдар болды. Әрқашан көпшіліктің үніне құлақ түре отырып, жұмыс жоспарын түзетін депутаттық корпус қоғамдық кеңес мүшелеріне, ардагерлер кеңесінің өкілдеріне және қаламыздағы ірі тұрғын үй кешендері мен жеке сектор тұрғындарының мұң-мұқтажын жеткізіп, олардың шешілуіне атсалысып жүрген бірқатар белсенді азаматтарға өз алғыстарын білдірді. Жиын соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.

Қуаныш ТЫНЫБЕК,

Қосшы қаласы мәслихатының баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *