Моңғолия Баян-Өлгийдегі жер-су атауларын қазақшадан моңғолшаға ауыстырады

Жаңалықтар
view 431
news

Фото: дереккөз

Моңғолия Үкіметі Баян-Өлгий өңіріндегі 320-ға тарта жер-су атауларын қазақшадан моңғолшаға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 
Бұл туралы журналист тележурналист Нұрбек Бекбау өзінің facebook-парақшасында жазды.

Моңғол Үкіметі: Баян-Өлгий өңіріндегі 320-ға тарта жер-су аттарын қазақшадан моңғолша атауларға ауыстыру туралы шешім қабылдапты. Енді осы қаулыны Парламентке жіберіп, бекітпек екен.
 
P.S: Баян-Өлгий – Моңғол территориясы. Тиісінше қандай атау қояды, өз еркі... - деп жазды ол.

Айта кетейік, Баян-Өлгий – қазақтар тығыз қоныстанған Моңғолиядағы жалғыз аймақ. Сондықтан бұл шешім өңірдің тарихи-мәдени және этникалық ахуалына тікелей әсер ететін мәселе ретінде қарастырылып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *