«Атақты адамдардың садақасын «аңдитындар» көп»: Журналист қоғам шындығын жайып салды
Фото: kerek-info.kz
Қаралы жиынға келген жұрт театрдың ішіне сыймай қалғанына қапа болды. Қазақтар соңғы рет актерге қошемет көрсеткісі келген еді… Есімі елге белгілі, әлдеқашан халықтың адамына айналған жанды соңғы сапарға шығарып салудың өз тәртіп-ережесін қалыптастырған жөн.
Бұл туралы журналист Айгүл Болатханқызы facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Жастарға керек болады-ау...»: Айтыскер ақын Асанәлі Әшімовтің үш қасиетін атады
«Мәйітін қораға апарған»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты (ВИДЕО)
«Төрт рет үйлендім, ұлдарымның өлімін өзімнен көремін». Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде айтқандары
"Қазақ өлген адамды шығарып салудан мықты": Асанәлі Әшімовтің жеке жазбалары тарап кетті
«Олар дастарқандағы дәмді сыпырып-сиырып әкетеді»
Оның пікірінше, Алматыда арнайы бір топтың бар, олар атақты адамдардың садақасын арнайы «аңдып», бәрінен алдын ала хабардар болады. Кейін мейрамхананы торуылдап, лекпен бірге кіріп, бөлініп-бөлініп әр үстелге отырып алады, сосын дастарқандағы дәмді сыпырып-сиырып әкетеді.
Халықтың сүйіктісіне айналған, ұлтының перзенті бола білген адамның Асын отбасына салмақ салмай белгілі бір мекеме көтеріп алатыны аян. Ол дұрыс та. Алматыда 1000 адамдық мейрамханалар да баршылық. Десе де…
Әйгілі актердің Асына ешқандай туыстық қатынасы, жеке таныстығы жоқ адамдар, қарапайым көпшілік көп жиналды. Құран оқылады, дұғаға қол жайып тілек тіленеді. Дұғада болған жақсы. Ол дұрыс. Бірақ…
Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыда арнайы бір топтың барын, олар атақты адамдардың садақасын арнайы «аңдитынын», бәрінен алдын ала хабардар болатынын, мейрамхана торуылдайтынын, лекпен бірге кіріп, бөлініп-бөлініп әр үстелге отырып алатынын, сосын дастарқандағы дәмді сыпырып-сиырып әкететінін жазғам. Ондай топтың барын Бақытжан ағам қайтыс болғанда байқағам. Топталып кеп қарын тойғызатын қазақтардың осы әрекетін түк түсінбей келем. Осыны пайда көру, тамағын асырау… Аш жүрген адамдар ма дейсің. Оларға өмірден кім өткені, кім сөйлеп жатқаны маңызды емес өйткені. Мақсат - қарын тойғызу, сосын барды салып әкету… Қаралы үйдің олармен ісі жоғын да, ешкімнің кет демейтінін де біледі. Сосын ондай топ Алматыдағы мейрамхананы да тез табады. Кәнігі «маман» о жағынан. Елге белгілі адам болса, жетіп жатыр. 400-500 адам жиналатын жерде 40-50 «бөтеннің» жүргені аңғарылмайды да. Не десек те осындайларға мән берген, реті келсе «ұстап», жазалаған жөн. Мұның арты жақсы болмайды. Ертеңгі күні Ас-ағаның қырқы мен жылында да осындай жандар қатысса, таңғалмаймын…
Өз басым көп кемпірдің тісі қай жерде жүріп сарғайып, шашын қайда жүріп ағартқанына таңғалам. Өлімді жерде бұтының арасынан ит өтетін қисық аяғын көрсетіп талтаңдап бара жатқан кемпірлерді көргенде жиіркенем. Ренжімеңдер, кемпірлер! Өнеге қайда? Аруақты сыйлама, басы қазалы адамды сыйлама, ең болмаса, айнаға қарап неге өзіңнен жиренбейсің, өзіңді неге құрметтемейсің? Сырткөзге сүйкімсіз көрінетініңді үйіңдегі қыз-келінің қалай айтпайды? Осыған шешесіз өскен менің миым жеткенде көбіңнің шешең қырылып қалған жоқ, алған өнегең, берген тәрбие қайда? Қазақтың анасысың, әжесісің, бәрің бірдей көлік айдап та жүрген жоқсың, Алматыда бұтың үситіндей суық жоқ, өлімді жерде құдайдың қатын ғып жаратқанын ұмытпауға болар еді… - деді ол.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Асанәлі Әшімовтің жары жоқтау айтып, жүрек тебірентті (ВИДЕО)
«Менен жақсы әйел тапса...»: Бағдат Әшімованың сұхбаты тарап жатыр (ВИДЕО)
«Әке-шешесі қарсы болды»: Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші қызға қалай үйленгенін айтқан (ВИДЕО)
«Тезеңді батырдың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовпен ерекше қоштасты
«Бата оқылмай дәмге бассалу қазақта жоқ!»
Айгүл Болатханқызының жазуынша, 60-тан асқанның бәрін ақсақал демейді. Жасы үлкен болған соң жай ғана - шал.
Кісінің көптігінен, тоңғандықтан ішке кірдің, орын тауып отырып алдың. Жөн-ақ. Өзіміз де сөйттік. Жерлеуден әлі еркеккіндік келмеді, Астың иелері кісісін күтіп есік аузында тұр. Бата оқылмай дәмге бассалу қазақта жоғын білесің… Дастарқан басындағы жас қызға жай ескерттім. Шап ете қалды. Қасындағы екі кемпір жайпап барады. Даяшыға нан алғызды, шұбат құйғызды, анау тұрған дәмнің бәрінен салғызып қарбытып жатыр. Ең болмаса, бір үстелдегі қалған тоғызы неге дәмге қол созбайды дегенді ойласа етті. Ақыры шыдамадым. «Не бата жасамай, не Құран оқылғанын күтпей… Ненің аштығы әкетіп бара жатыр? Өнегең қайда көрсетер?». Уәж мынау: «Ана үстелдегілер жеп отыр ғой, бәріне неге айтпайсың?». Жалғанда «анау сөйттіден» жек көрерім жоқ. «Ол үстелдегілер өлсе, сен де қата қаласың ба? Сосын мен өз үстелімді айтып отырмын! Сендер Ас-ағаның аруағы деп кеп отырсыңдар. Ендігің не?». Не ойласа, оны ойласын, ондайларға «сөз» шығын. Қалғанының дымы шықпай бата мен Құран оқылғанын күтті, - дейді журналист.
Ақсақал жоқ! 60-тан асқанның бәрін ақсақал демейді. Жасы үлкен болған соң жай ғана - шал. Болды. Ақсақалы бар болса, адамы бұлай азбас еді. Төгілтіп бата берер еді, ондай батаны тыңдаған адам құлағына құйып өсер еді, өнер еді, көгерер еді! Быдық-быдық, әнебіреуінің екпіндетіп сөйлегенін тыңдаудан менің құлағым ұялады. Не мән, не тағылым болса, қанеки!
Қария жоқ бізде. Қариясы болса, тағылымы мен ғибраты көрінер еді. Жоқ қой, көрмедім. Келеңсіздікті көрген соң қабылдамадым, қабылдамаған соң «шағып» алдым. Келесіде абайлайды. Ақылы болса!
Өлім де тағылым, ғибрат. Ұққан жанға! Қайғыға ортақтассаң азаяды. Ал біз… Шын ортақтасып жүрміз бе?
Тамақтың ысырап болмай таралып кеткені дұрыс! Үлкенді тәбәрік көреді. Менің айтып отырғаным – ана бір топ! – дейді ашынған журналист.
Пікірлер (0)