Асанәлі Әшімовтің жары жоқтау айтып, жүрек тебірентті (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз
Бүгін қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Актер қайда жерленді?
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Менен жақсы әйел тапса...»: Бағдат Әшімованың сұхбаты тарап жатыр (ВИДЕО)
«Әке-шешесі қарсы болды»: Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші қызға қалай үйленгенін айтқан (ВИДЕО)
«Тезеңді батырдың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовпен ерекше қоштасты
Ол Кеңсай 1 зиратына жерленді.
Асанәлі Әшімов
Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылмада дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.
Ол көрерменге кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры», 1971), Мәмбет («Сарқырама», 1973), Қасымханов («Трансібір экспресі») және өзге де рөлдерімен таныс.
Ол режиссер ретінде де (Н.Гогольдің «Ревизор», Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді», И. Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?!» және тағы басқа) кеңінен танылған.
Ол Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Абайында» - Керім рөлін, «Еңлік-Кебегінде» - Кебекті, «Қара қыпшақ Қобыландысында» - Айшуақты, «Таңғы жаңғырығында» - Жарасбайды, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» - Қодарды және өзге де ірі кейіпкерлерді сомдаған.
Пікірлер (0)