«Жастарға керек болады-ау...»: Айтыскер ақын Асанәлі Әшімовтің үш қасиетін атады

Жаңалықтар
view 207
news

Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында Асанәлі Әшімов туралы ой толғап, актердің үш қасиетін ерекше атап өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Мәйітін қораға апарған»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты (ВИДЕО)

«Төрт рет үйлендім, ұлдарымның өлімін өзімнен көремін». Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде айтқандары

"Қазақ өлген адамды шығарып салудан мықты": Асанәлі Әшімовтің жеке жазбалары тарап кетті

"Көз алдымда солғанда қолымнан еш шара келмеді": Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімов туралы толғанды (ВИДЕО)

Ақынның айтуынша, балаға да, жасқа да, жасамысқа да құшағы ашық, жылы сөзі дайын болды.

Мың сан қасиетін алаш жұрты айтып тауыса алмай жатыр ғой. Жастарға керек болады-ау деген, өзім аңғарған, тәнті болған үш-ақ қасиетін ерекшелей айтып қойғым келеді.

1. Өле-өлгенше тұғырдан таймау, яғни трендте болу. Қай жиынға барсаң да Асекең төрдің сәні болып жүрді. Жаңа фильм шықса – ағамыз бата беріп жатады, айтулы дүние өтсе – әкеміз қазы боп отырады, подкаст ашылса – аңыз тұлға білгенімен бөлісіп жатады. Не деген керемет жігер, ерекше энергия! Мойнына су кетіп, бір проблемада шашылып, суицидке ұрына жаздап жүрген жастарға бұдан артық қандай қайсар үлгі керек?!

2. Қарапайымдылығынан танбай кетті. Есте жоқ ерте уақыттан бері ел назарында. Қайда болмады, кіммен таныспады?! Бармақтай емес, балдақтай бақ қонды. "Құдайдың бергені, халықтың батасы" деп өтті. Ол кісіден бата алмаған, ол кісімен фотосы жоқ қазақ кемде-кем. Балаға да, жасқа да, жасамысқа да құшағы ашық, жылы сөзі дайын болды…

3. Өз ісінің майталманы еді. Кинодағы жасаған образдары жарты ғасыр жадымыздан кеткен жоқ. Саңқ еткен даусы санамызда жаңғырады. Ақсақал жасына жеткенде өзінің үлкен кісі ретіндегі орнын ұмытқан жоқ. Баратын жерге барды, керек жерде тоқтады, білгенімен бөлісті, – деп жазды ол.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Асанәлі Әшімовтің жары жоқтау айтып, жүрек тебірентті (ВИДЕО)

«Менен жақсы әйел тапса...»: Бағдат Әшімованың сұхбаты тарап жатыр (ВИДЕО)

«Әке-шешесі қарсы болды»: Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші қызға қалай үйленгенін айтқан (ВИДЕО)

«Тезеңді батырдың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовпен ерекше қоштасты

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *