«Мұсылман мерекесі емес»: Берденов жаңа жылды тойлауға тыйым салған - БАҚ

Жаңалықтар
view 161
news

Фотосурет: Шымкент қаласының әкімдігі

Алматы қаласы дамыту орталығын басқарып отырған Руслан Берденов компанияда жаңажылдық корпоративті өткізуге тыйым салған. Оған діни сенімі себеп болыпты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайтты Threads желісінде қазақстандық бір азамат баяндаған. Оның айтуынша, басшылық корпоративтік кешті өткізбегенімен қоймай, бюджетте қарастырылған жаңажылдық тәтті сыйлықтарды да қызметкерлерге таратпаған.

«Бұл ұжымдық этиканы өрескел бұзу әрі кемсітушілік белгісі.

Корпоративтің ресми түрде тоқтатылу себебі «Жаңа жыл мұсылман мерекесі емес» деп көрсетілген. Жаңа жыл Қазақстандағы мемлекеттік мереке («Мерекелер туралы» заңға сәйкес). Біз дін мемлекеттен және еңбек қатынастарынан бөлінген зайырлы елміз.

Мұнда мәселе тәттілерде де, кеште де емес. Мәселе екіжүзділік пен қос стандартта.

Елестетіп көріңіздер: егер христиан дінін ұстанатын басшы Наурызды немесе Айтты «менің жеке сеніміме сай келмейді» деп тоқтатса, қоғам қалай қабылдар еді? Міндетті түрде дау туар еді.

Ал неге, керісінше, бұл жағдай қалыпты нәрсе ретінде қабылданады?» – деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *