«Біреудің малханасында тұрдық»: өткенін еске алған Шаханов 93 жасайтынына сенімді
Фотосурет: ашық дереккөзден
Белгілі ақын Мұхтар Шаханов «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында кезінде бір көріпкел өзінің 93 жасқа дейін өмір сүретінін айтқанын еске алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Шымкенттің арғы жағында Бадам деген жерде біреудің малханасында тұрдық. Сол жерде көршілерден ақша сұрап, Шымкентке жаяу бардым. Сол жерде базарды жаяу кесіп өте бергенімде...
Бетінің бәрі шотыр-шотыр кісі қолыңды ұстап, тағдырыңды айтады екен. Мен де қолымды ұстатып едім, маған «Балам, сен бүкіл жер шарын білетін адам боласың. Сендей абырой биігіне көтерілген адам болмайды. Сен 93 жасқа келіп, өмірден өтесің» деді. Соның айтқанының бәрі келді ғой.
Дүниежүзінде мен бармаған мемлекет жоқ. Ал енді 93 жасқа маған 11 жыл уақыт қалыпты. Соны күтіп жүрмін», – деді ақын.
Пікірлер (0)