Никол Пашинян Астанада қазақша ән тыңдап отырған ВИДЕОСЫН жариялады

Жаңалықтар
view 78
news

Фото: видеодан скрин

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанада түсірілген бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол видеода қолын жүрек формасында түйістіріп, ризашылығын білдіреді. Роликтің фонында қазақстандық BAYANSULU тобының «Aua rai» әні шырқалады.

Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Баршаңызды жақсы көремін AMKZ, - деп жазды Пашинян.

Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударды. Қазақстандықтар Пашинянға «Қош келдіңіз!» деп ықылас білдірсе, армяндық желі қолданушылары да жылы пікір қалдырып жатыр.

Еске салайық, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астанаға келетінін жазған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *