«Надандыққа шек жоқ екен-ау»: Ардақ Назаровтың Абайға қатысты кітабы дау туғызды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин
Белгілі әнші Еркін Шүкімән facebook-парақшасында кітапты таныстырып тұрған жігітті қатаң сынға алып, «өтірік түсінік беріп, кілең ғылымнан бейхабар надандарды аузына қаратқанына мәз» деп жазды. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Сәләфит неме!»: атышулы Ардақ Назаров тағы да өзіне назар аудартты (ВИДЕО)
Ардақ Назаров әлем чемпионы емес, «мешкобой» болған – журналист
Ардақ Назаровты белгілі журналист жекпе-жекке шақырды
«Бұл қайдан алынған қолжазба?»
Бұл Абайға қатысты не кітап, қашан шыққан?
Мынау таныстырып тұрған жігіт «Абайдың өз жазғандары да бар екен» дегенінен ғылымның иісі мұрынына бармайтын, абайтану деген ғылымның есігін ашып көрмегендігі, Абайдан ешқандай қолжазба қалмағанынан бейхабар екендігі көрініп тұр. Төте жазу дегеннің өзін түсініп тұрған жоқ. «Ғылым академиясындағылар өздері жасай алмаған ғой» деп қояды онымен қоймай. Өтірік түсінік беріп, кілең ғылымнан бейхабар надандарды аузына қаратқанына мәз.
Сонда бұған дейінгі абайтанушылар, тіпті, кешегі ақынның 175 жылдығы, 180 жылдығында жұмыс істеген әдебиетшілер мен шығыстанушылар осыған дейін түк бітірмегені ме?.. Надандыққа шек, оларға дауа жоқ екен-ау...
Алдымен бұл қайдан алынған қолжазба? Соны анықтау керек. Өйткені, біраз дүние жоғалған, қолды болған. Солардың бірі емес пе? Егер бұрыннан бар, яғни Мүрсейіттен қалған қолжазбалардың бірі болса, оны қандай жолмен алып отыр..?
Екінші, мұны ешкім оқи алмайтын болса, Абайдікі екенін қайдан біліп отыр?
Үшінші, кітап Абайға қатысты болғанның өзінде қаншалықты ғылыми негізде жарық көрген? Кім шығарған, қандай ғалым араласқан?
Ғылымға осылай орта жолдан көлденең көк аттылар қашанғы қосыла береді? – дейді Еркін Шүкімән.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Ардақ Назаровқа қатысты тағы да шу шықты
Қуат Хамитов депутат Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуге кеңес берді
«Шіркін, надандық, қайтейін сені»
Сондай-ақ ақын Ықылас Ожай да депутаттың шығарған дүниесіне қатысты пікір білдіріп, «Ардаққа дейін абайтанушылар ай тағалаған болды ғой сонда» деп жазды.
Мыналарға дауа жоқ екен…
Ардаққа дейін абайтанушылар ай тағалаған болды ғой сонда…
Өз қолжазбасы, мұны ешкім оқи алмайды дейді ұялмай…
Онымен қоймай «шайтандар өмірі кешпейді» дей ме кіжініп.
Шіркін, надандық, қайтейін сені… - деп жазды ақын.
Пікірлер (0)