Оқушы жазғы демалысын қалай өткізеді?

Редакция таңдауы
view 696
news

Жаз – әрбір оқушының ең сүйікті жыл мезгілі. Себебі, 3 айға созылатын ұзақ демалыс басталады. Балалар, 1-қыркүйек күні кездескен кезде, алдымен, жазғы каникулда болған қызықты оқиғалары туралы әңгімелесе бастайды. Сондықтан, мен де өз демалысымды қалай өткізгенім жайлы сіздерге айтып кетейін. Жазғы демалыста бостан-бос үйде отырмай, оны пайдалы өткіземін деп шештім. Жалпы, өзім таза ауада серуендегенді ұнатамын. Таңертең ұйқыдан оянған соң, далаға шығып жүгіріп отырдым. Осының арқасында, өзімнің физикалық даярлығымды қалыпқа келтіре алдым. Компьютердің, телефонның немесе теледидардың алдында уақытымды өткізген жоқпын. Үйде балаларыма қарап, бірге қыдырыс басталды. Балалар осы демалыстарда ата-аналарға көмектесіп, олардың тапсырмаларын мұқият орындап отырды. Шілде айында отбасыммен бірге көлге бардық. Біз отбасымызбен сапарға бардық. Осы сапар отбасыма тек жағымды эмоциялар ғана сыйлады. Жаздың ыстық күндерінде суға шомылып, құмды жағажайда жату керемет екен. Мектеп оқушыларыда сол сияқты демалыс уақытында Ата-аналарымен аквапаркке барып, дельфиндерді көреді. Катамаранға және қайыққа мініп, көлде жүзеді. Ал, кеш батқан кезде, уақыттарын жағалауда серуендеумен өткізеді. Бұл демалыс, балаларға ұмытылмас әсер қалдырады! Келесі жылы осы жерге қайтадан келуді жоспарлап отырады. Тамыз айында балалар өз қаламызда болып жаңа оқу жылына дайындық жасайды. Әкелер көбіне балық аулағанды жақсы көреді да ұлдарын бірге алып шығады. Қолдарына қармағын алып шығып, өзенге аттанады. Судан бірнеше рет үлкен балық алып шығатын отбасылар да жоқ емес бар. Үйге келген соң, аналары сол балықтан өте дәмді тамақ әзірлейді. Соңғы аптада жаңа оқу жылына дайындала бастайды. Жазғы каникул ең ұзақ болғанымен, өте жылдам өтіп кетеді. Сондықтан келесі жазды асыға күтеміз! Бірақ мектепке келіп, сыныптастарын көргенде оқушылар қуанышты болады. Мен өз басым жаз мезгілін қатты жақсы көремін. Ең алдымен төрт тоқсандық оқуды бітіріп, бір жылға балаларым есейеді. Күннің ыстығы да біздің үш айлық демалысымызға керемет әсерін тигізеді. Жыл сайын жазғы демалысымды пайдалы өткізуге тырысамын. Және әр жылы өзге қалалардағы туысқандарымды аралап, демалып қайтамын. Сабақтан демалғаныммен, кітап оқуды үзбеймін. Себебі кітап –ең жақсы дос. Жазғы демалыстың басында мен ауылдағы ата-әжелеріне балаларды алып барғанды жөн көремін. Олар бізді сағынады және құрт-майын немерелері үшін сақтап отырады. Сондықтан мектеп оқушылары жаз уақытында алдымен сол ауылдағы ата-әжелерін қуантып алғаны мен үшін дұрыс. Әрі олар үшін де әжептәуір қолғабыс бола алады оқушылар. Мал қайырып, бау-бақшаны суарып, жәрдем етеді. Ата-әженің ризашылығын алған балалар жақсы болады. Нағашылары ауылда болса қыдырып барған дұрыс. Алатаудың бөктерінде демалып, біраз туыстармен араласады. Сондағы достармен де жолығып, жиналып қалған жаңалықтармен бөлісіп әңгімелерді айтқан қандай тамаша. Нағашылары үйге кір демейінше, достарымен түрлі ойындар ойнайды. Балалар мұнда асық ойнау, ләңгі секілді ойындарды үйренеді. Қаладағы балалар мен ауылдағы достардың арасында айырмашылық бар болады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алып біраз оқушы демалысқа барды. Екі апта жаңа достармен танысып, демалып қайтты. Күн сайын лагерьде қызықты іс-шаралар ұйымдастырылған. Жаңа оқу жылына дайындықты бастап кеттік. Үй-ішімізбен жаңа мектеп формаларын алдық. Оқу құралдарын да керегінше таңдап алдық. Мектеп оқушыларын ата-аналардың әлеуметтік желілерінен бақылап отырмыз. Биылғы демалыстарын туыстарының үйінде өткізгенін көрдік. Оқушы балалардың жазғы демалыс уақыттарында достары көбейе түсетіні анық. Барлығы керемет. Енді қазірден бастап «Келесі жылға қайда барсам екен?» деп ойланып отырған әрбір оқушының отбасында ылғи сәтті, қуанышты күндер болсын. Жазғы демалыста Қосшы қаласында ашылған тегін үйірмелерге барып, қосымша білім алған оқушылар өте көп. Сол үйірмелердің бірінде «Jana beles» балаларды дамыту орталығында өзім «Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойынын үйреттім. Қосшы қаласында қазіргі таңда мықты ойыншылар бар. Мектеп оқушылары жазғы демалыста ұйымдастырылып жатқан сайыстардың барлығына қатысып жатыр. Астана қаласында ұйымдастырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал топтамашы Бахаргүл Төлеген апайымыздың ұйымдастырған көрмесіне мектептің белсенді оқушыларымен барып тамашаладық. Ұйымдастырылған көрме де қазақтың зергерлік әшекейлері оқушыларға, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болды. Қазақтың ұлттық құндылығы ешқашан өшпесін және салт-дәстүрімізді ұмытпаймыз. Әрбір отбасында әр жылы қуаныш болсын!

Гүлбану Бажиева, Қосшы қаласы Р.Қошқарбай атындағы №1орта мектебі директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

«Jańa Bastau» газетінен алынды

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *