"Ол – әртіс": Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың кешірім сұрауына қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар
view 277
news

Фотосурет: astanatv.kz

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысындағы үзіліс кезінде Салтанат Нүкенованың ағасы экс-министрдің кешірім сұрауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Телеарна ақпаратынша, 1 сәуірде өткен кезекті сот отырысы кезінде марқұм Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаевтың "кешірім сұрауына" қатысты ойын айтты.

"Ол шімірікпей кешірім сұрады. Әрине, ол – әртіс. Ол шетелде білім алған, алқабилерге, адамдарға әсер ететін қабілеті бар. Оны танымайтындар сенуі мүмкін, бірақ біз оны жақсы білеміз және оның айтқанының бәрі жалған екенін білеміз", - деді Қайрат Нүкенов.

Ол айыпталушы Бишімбаевтың іс-әрекетіне де назар аударған. Сотта жауап беру кезінде Бишімбаев жымиып, күлген болатын. "Ол күлді. Егер оны (Салтанат Нүкенованы - ред.) қатты жақсы көргені рас болса, бес ай бұрын оның жұбайы қайтыс болды. Ал ол күліп отыр", - деді Нүкенов.

Қуандық Бишімбаев ісі Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді. 

Пікірлер (1)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *