Қарағандыда жол апатынан 5 адам қайтыс болды (Видео)
            
            Жаңалықтар
            
                 252
                252
            
        
        Бейнежазбадан
Қарағандыдағы жол апатынан 5 адам көз жұмды. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.
Полиция көліктер бетпе-бет соқтығысқанын мәлімдеді. Оқиға солтүстік-шығыстағы айналма жолда болған.
Полицияның хабарлауынша, Mercedes-Benz жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол апатынан 5 адам көз жұмды.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуды және жол ережелерін бұзбауды ескертті», – деді Қарағанды қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)