Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай алғаш рет бокстан Азия чемпионы атанды

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Нұрбек Оралбай Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кездесуінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Қазақстандық боксшы финалда 85 кг салмақ дәрежесінде өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді. Оралбай жекпе-жек бойы қарсыласынан басым болды.

Бірінші раундта барлық төреші Нұрбекке (5-0) ұпай берді. Екінші раундта қазақстандық спортшы басымдығын сақтап қалды.

Осылайша, Нұрбек Оралбай бірауыздан төрешілер шешіміне сәйкес, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ерлер құрамасының ағымдағы Азия біріншілігіндегі үшінші алтын медалі. Бұған дейін Оразбек Асылқұлов пен Сабыржан Аққалықов чемпион атанды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *