«Қыздың тағдырымен ойнаудан қорқамын»: Димаш Құдайберген неге әлі үйленбегенін түсіндірді
Жаңалықтар
92
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Танымал әнші Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, Қазақстанға келген сайын әуежайдағы паспорттық бақылаудан бастап көпшілік одан «қашан үйленесің?» деп сұрайды.
Әнші бұл мәселеге байыппен қарайтынын жеткізді. Оның сөзінше, әр нәрсенің өз уақыты бар және өмірлік жар таңдауда аса жауапкершілік қажет.
«Қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырымен ойнаудан қорқамын. Қыздарымыздың қадірін қастерлеймін. Үйленгеннен кейін сол адаммен бір жастықта қартаю – мен үшін үлкен бақыт», – деді ол.
Пікірлер (0)