«Өліп қала жаздаған кездерім болды»: Қарызға батып, жезөкше болған қыз табысы туралы айтты
Фото: ашық дереккөз
Қарызға батып, одан құтылу үшін тәнін сатуға мәжбүр болған қазақстандық қыз Stan.kz редакциясына сұхбат берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ләйлә (кейіпкердің есімі өзгертілген) осы жолда жүріп қанша ақша тапқанын және бұл істен не үшін бас тартқанын айтып берді.
Ләйлә мұндай жұмысқа қалай келгенін баяндады.
Бұл іске қарыздарым көп болғаннан келдім. 5 миллион теңге берешегім болды. 2 жыл жүріп жаба алмаған соң қиналып кеттім. Ата-анам бір рет төлеп берді. Бірақ қатты қиналып қалды. Сосын екінші рет айта алмадым. Әр жерде істедім, төрт жер ауыстырдым. Кейбір жерде 2 қыз,10 қыз, кейде жалғыз істедім. Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, қарыз алып төлей алмай жүрген қыздар, ажырасып күйеулері алған несиені төлеп жүргендер, енді бірі үй, машина алу үшін келгендер. Енді бірі сол жақтағы қысыммен, ұйымдастырушылардың мәжбүрлеуімен жүр, – дейді ол.
Алайда Ләйлә ақша ешқашан жетпейтінін, жеңіл келген ақшаның дәл солай кететінін, бұл ісінің қателік екенін кеш түсінген. Құр босқа денсаулығым мен психологиям зардап шекті дейді ол.
Кешке барамын, онда тек ішкиіммен жүремін. Алғашқыда барғанда төрт қыз болдық. Сосын көбейе берді. Ер адам келгенде сол төртеуіміздің біреуімізді таңдап кіріп кетеді. Ақшасын әкімшіге төлейді. Оларды шақырып, ақшасын алып, оны бізге беретін админстратор бар. Бір күнде 100-200 мың арасында табыс таптым. Бағаны сол админстратор қыз қояды. Табыс 50/50 болып бөлінеді. Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді, – дейді ол.
Ләйлә жұмысындағы өзін қатты қорқытқан жайт туралы айтып берді.
Құрбым екеуміз едік. Екі ер бала кірді. Құрбыма кірген бала ашуланып есіктерді қатты жауып жүрді, екеуі келіспей қалған екен. Ол менің “өз үйің емес, жай жап” деген сөзіме ашуланып маған айқайлай бастады. Ұрсысып жатқанда бір кезде ас үйдегі пышақты алып маған сермеп қалды. Мен артқа шегініп үлгердім. Екінші рет сұққалы жатқанда досы ұстап қалды. Сол кезде қатты қорықтым. Басымнан өткен жағымсыз естелік болып қалды, – дейді ол.
Ләйлә бұл жұмыстан ұзақ уақыт кете алмаған. Бірде кетіп, ақшасы таусылғанда қайтып оралып жүрген. Бұл жұмыстан бір жола бас тартуына махаббат себеп болған.
Өмірде әртүрлі жағдай болады. Сол кезде осындай жеңіл жолды таңдап кете берсем менің ештеңем қалмайды. Егер өмірімді өзгертуге мүмкіндік болса, әрине, басқа таңдау жасар едім. Жастық шағымды мұндай лас іспен толтырмас едім. Сонда жұмыс істеп жүргенде сол жерге келген жігітті ұнатып қалып, жұмыстан шығып кеттім. Қазір онлайн жұмыс істеймін, – дейді ол.
Ләйлә өзімен тағдырлас қыз-келіншектерді кездестірген адамдарды оларды сөкпеуге шақырды.
Шынымен де, Құдай үшін, қыздар ешкімді кінәламаңыздаршы. “Мынаның орнында болғанда осылай істер едім” деп сөкпеңіздерші. Менде солай айтып жүріп жезөкше болдым. Боди массаж жасайтын қызметкер емес, жезөкше. Алматыда өте көп. Түрі момын, көкпет кыздар да істейді. Сыртынан қарап олай деп ойламайсың. Бірақ ішіміз жанып жатыр, – деп жанайқайын жеткізді ол.
Пікірлер (0)