Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты жаңа дерек жарияланды

Жаңалықтар
view 115
news

Фото: ашық дереккөз

Алматыда қаза тапқан Ақнәр Гүлістанның ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Алайда марқұмның анасы істі Алматыдан Астана қаласындағы мамандарға беруді сұрап отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Kursiv.media-ға сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Терезеден құлап кеткен Ақнәр қыз туралы сұмдық дерек шықты

Марқұм Ақнәрмен пәтерде болған қыз сұмдық сұхбат берді (ВИДЕО)

Шұғыл: Марқұм Ақнәрдің өз еркімен терезеден секіргісі келген видео табылды

Істің мән-жайы

Ақнәр Гүлістан 2024 жылдың 20 шілдесінде терезеден құлағаннан кейін қаза тапқан. Содан кейін қылмыстық іс өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабы бойынша қозғалды. Анасы Гүлістан Хамит қызының кісі қолынан өлгеніне сенімді.

Сол күні Ақнәрдің жанында екі құрбысы Дидар Мұқият пен Рано Асқар болған. Екеуі қылмыстық істе қорғалуға құқығы бар куә деп танылған.

«Екеуі жарты сағат төбелескен»

Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, марқұмның анасы тергеуге жаңа материалдар ұсынған. Алайда ол құжаттар назарға алынбаған. Оған қылмыстық істің ҚК 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қозғалғаны себеп болып отыр.

Заңгер іс «адам өлтіру» не «денсаулыққа қасақана зиян келтіру адам өліміне әкеп соққан жағдай» бойынша қозғалуы керек деп санайды.

Марқұмның анасы Гүлістан Хамит қызының құрбысы, куә Дидар Мұқиятпен кездескен. Кездесуде Дидар қайғылы оқиға болған күні не істегенін айтқан. Сөзінше, Рано Дидарды бір жыл бойы алдап келген.

Дидар келіп, «Рано Ақнәрға қолымның ұшын тигізген жоқпын» деген еді, бірақ Ақнәрдің дене жарақаттарын көргеннен кейін ойланып, ақиқатты айтуға келдім. Төбелестің болғаны шындық» деді. Оны кездесейік деп қинаған жоқпын, өз еркімен келді, – деді марқұмның анасы.

Сондай-ақ Дидар Мұқияттың кездесуде айтқан сөздерін жариялады.

«Дәретханада қорқып отырдым. Бір уақытта үйдің іші тып-тыныш болып қалады. Ақырын шықтым. Есікті қағып, «Ақнәр, Рано, шығыңдаршы» дедім. Рано ашты. «Ақнәр қайда?» деп сұрадым. «Білмеймін» деп жауап берді. Сол кезде полиция келіп қалды. Екеуі 20 минут, жарты сағаттай төбелесті», – деген Дидар Мұқият марқұмның анасына.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақнәр ісі күрделеніп барады: енді бойжеткенді өлтірді деген Рано өз шындығын айтты

Ақнәр ісінде есімі аталған қыз жұрт алдына шығып, мәлімдеме жасады

«Ақнәрдің анасы туралы шындықты ел білуі керек»: Қытайда үндеу жасаған әйел Гүлстан Хамитті айыптады

Тергеуге көңілі толмайды

Қазір істі ҰҚК ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр. Жәбірленуші неге Антикорға берілгенін түсінбей отыр.

Дидар оқиға болған күні полицияның нұсқауымен Раноны фотоға түсірген. Неге полицияның өзі түсірмейді? Өлім болған жерде… Бәлкім, ол қылмыскер шығар?! – дейді анасы.

Айтуынша, оқиға орнында болған екі қыздан қазірге дейін үш рет қана жауап алынған. Оларға «Ақнәр суицид жасауға бейім бе еді?» деген сұрақтар қойылған.

Ақнәрдің киім-кешегі, зергерлік бұйымдары қазірге дейін жоқ. Банк карталары, әмияны табылмады. «Ұрлық» фактісі бойынша ешкім жауап бермеді. Қызымның заттары салынған сөмке он күн бойы Дидардың енесінің үйінде тұрған. Жедел тергеу тобы неге бірден сол заттарды алмайды? – дейді анасы.

Тырнағын жұлып алған

Оқиға орнынан Ақнәрдің тырнағы да жоғалып кеткен. Анасы тырнақты табуды талап етіп отыр.

Тырнағы қайда? Тырнағын бірге көмуім керек. Оқиға орны толық тексерілген болса, екі қызды дұрыс тергесе, тырнағы табылар еді. Жұлып алған адамдар да баяғыда қамалар еді. Осы тырнақты тауып беруін талап етемін. Бұл бұйым емес, денесінің бір бөлшегі, – дейді анасы.

Анасының талабы

Гүлістан Хамит Алматы қаласы құқық қорғау органдарына сенімсіздік танытатынын айтып, тергеуді Астанада жүргізуді сұрап отыр.

Астанада әділетті тергеу жүргізсін. Ұсынып отырған дәлелдер негізінде тергеп-тексеру амалдарын жүргізсін, нақты қорытынды шығарып берсін. Алматы – Астана арасында жүргеніме бір жарым жыл болды, – дейді марқұмның анасы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *