Орны толмас қаза. 17 бала тірідей жанып кетті

Жаңалықтар
view 1210
news

сурет: ашық дереккөз

Нигерияның солтүстік-батысында түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей жанып кетті. Қайғылы оқиға Замфара штатының Каура Намода ауданында болған. Тағы денесін күйік шалған 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ  24.kz-ке сілтеп.

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Елдің төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастады. Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтқан.

Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.

Халифа Абубакар, мұғалім: - Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, «Өрт, өрт!» деп айқайлағынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға бірден атып шықтық. Мектептің төбесі отқа оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *