Отбасы институтын дамытуға қолдау көрсетіледі

Редакция таңдауы
view 66
news

2022 жылдың 25 шілдесінде Қосшы қаласының әкімінің Қаулысына сәйкес «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Ол 2023 жылдың 13 наурызында ресми түрде өз жұмысын бастады. Ұйымда 2 кеңесші, 1 есепші және бөлім басшысы жұмыс істейді. Орталық қызметінің мәні – отбасыларға кешенді консультациялық қызметтер көрсету, отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу. Мұндағы басты мақсат – отбасы институтын жан-жақты қолдау және нығайтуды іске асыру. Аталған мақсатқа жету үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: – Отбасыларды қабылдауды, жұмыс бағыттарын белгілеуді және отбасымен жеке жұмыс жоспарын жасауды жүзеге асырады; – Отбасыларға мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша кеңестер береді, жан-жақты қолдау көрсету үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолдама жіберуді жүзеге асырады; – Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық қолдау, кеңес беру бойынша қызметтер көрсетеді. – Отбасыларға өз ісін ашу, қаржылық сауаттылық мәселелер бойынша консультация беруді және қолдауды жүзеге асырады. – Әйелдердің және өмірлік қиын жағдайға тап болған басқа да адамдардың, отбасылардың кәсіпкерлік бастамасын қалыптастыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын, шеберлік кластарын, басқа да іс-шараларды өткізеді; – Қорғаншылық, бала құқықтарын сақтау мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асырады; – Отбасыларға заң кызметтерін көрсету, оның ішінде некені бұзу туралы талап арыздар жазуларын, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алуды және тағы басқа жүзеге асырады; – Сот бұйрықтарының атқарушылық парақтарын, соның ішінде кәмелетке толмаған балаларға алименттерді өндіріп алуға жүгіну тәртібі бойынша консультация беруді жүзеге асырады; – Өмірлік қиын жағдайға тап болаған отбасыларға волонтерлік көмекті жүйеге келтіреді және дамытады; – Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға медиативтік қолдау көрсетеді; – Өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады; – Қазақстан Республикасының отбасы саясаты саласын жетілдіру бойынша озық халықаралық тәжірибені зерделеуді жүзеге асырады; – Қазақстан Республикасындағы отбасы саясатының бағыттарын талдауы, болжауды, моделдеуді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. – Республикасының заңнамасына сәйкес Орталыққа жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Сонымен қатар Зияткерлік меншік құқығы депарментінде тіркелген ( 28 қыркүйек 2017 жылғы № 2174 авторлық куәлігі бар) автоматтандырылған Ресурс балалар психологиялық жағдайын диагностикалу жүйесін әзірлейді. Өзімізге жүктелген міндеттерді атқару барысында біз полиция бөлімімен, білім беру орталықтармен тығыз жұмыс істейміз. Бүгінгі күнге дейін біздің орталығымызға 40 отбасы жүгінді. Біздің көмегімізбен атаулы әлеуметтік көмекке 7 отбасы құжат тапсырды. ЭҚҚ кілттерін ашуға, талап арыздарды рәсімдеуге жәрдем берілді. Әрі қарай өз жұмысымызды жаңғыртуға қолымыздан келгенше жұмысымызды жалғастырамыз.

Әсел Бибатырова, Орталықтың консультанты

«Jańa Bastau» газетінен алынды

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *