Пәкістан мен тәліптердің текетіресі ушығып барады

Жаңалықтар
view 182
news

Фотосурет: tiraspol-news.ru

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында жағдай ушығып барады. Тараптар бір-біріне қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Соғысты бастаған Талибан қозғалысы желіде өз іс-қимылдары туралы жазды.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, шекара бойында жүргізілген әскери қимылдар кезінде бірқатар нысан талқандалған.

Пәкістанға қарсы операцияны сәтті аяқтадық,  деп мәлімдеді тәліптер.

Бұл мәлімдемеге Пәкістан Қорғаныс министрлігі кешікпей қатаң жауап қатты.

Үндістанға қалай жауап бердік, Ауғанстанға жауабымыз да сондай жойқын болады. Тәліптерді енді Пәкістанға қарап қару көтере алмайтындай етеміз, деді министрлік өкілі.

Екі ел арасындағы қақтығыстың Дюранд сызығы бойында болғаны хабарланды. Бұл шекараны Кабул ресми түрде мойындамайды.

Қазір шекара маңында атыс пен артиллериялық соққылар туралы мәліметтер көбейіп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *