Қостанай-Астана рейсіндегі оқиғаға байланысты тексеріс басталды

Жаңалықтар
view 188
news

Фотосурет: pinterest.com

Көлік министрлігі QazaqAir әуе компаниясының Қостанай-Астана рейсіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, QazaqAir әуе компаниясының Қостанай-Астана бағыты бойынша сенбіде орындалуға тиіс болған тұрақты рейсі техникалық ақауға байланысты ұшу алаңынан қайтарылған болатын. Әуе кемесіндегі ақау анықталған соң, ұшу процесі қауіпсіздік мақсатында тоқтатылды. Кейбір жолаушы шассидің маңынан жарқыл көргендерін айтқан.

Бұл жайт техникалық тексеріс кезінде есепке алынады. Ақауды анықтау және жою үшін компанияның техникалық тобы Қостанай әуежайына жіберілді, - деп хабарлады QazaqAir баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жолаушыларға барлық қажетті қолдау шараларын ұсынып, оларды қонақүйге орналастыру, билеттердің толық құнын сатып алынған жерінде қайтару немесе өзге рейстерге ауыстыру мүмкіндігі берілді.

Осы оқиғаға қатысты Көлік министрлігі ресми пікір білдірді.

Қостанай-Астана бағыты бойынша QazaqAir әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ министрлік тексеріс қорытындылары бойынша қосымша ақпарат берілетінін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажет шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *