Әжесі дәрігерлерге тізерлеп отырып жалынған: Жамбыл облысында 6 жасар бала көз жұмды

Жаңалықтар
view 224
news

Фтосурет: ашық дереккөзден

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылында 6 жастағы Әли Жолшыбек көз жұмды. Жақындары баланың өліміне дәрігерлердің немқұрайлылығы себеп болды деп отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Әли 29 қыркүйектен бастап ауырған. Учаскелік дәрігерге қаралуға барғанда, ол ешқандай көмек көрсетпей, үйіне қайтарып жіберген.

Баланың әжесі дәрігерлерге тізерлеп, жалынып сұраған соң ғана ауруханаға 7 қазанда жатқызған. Бірақ онда да ешқандай тексеру жүргізбей, диагноз қоймаған. Ауырсыну басылмаған соң тек креон берген. Сөйтіп, бала 10 қазанда көз жұмды.

Баланың үлкен әпкесі мен анасы да 2 жыл бұрын дәл сол ауруханада қайтыс болған көрінеді.

Баламызды сот-медициналық экспертизаға алып кеткелі жатыр. Ешқандай дәрі бермеген. Бір апта бойы қиналған. Тек қана креон берген. Бәрін жасырып отыр. Диагнозын айтпайды, ауру тарихын бермейді, – дейді зар жылаған әжесі.

Енді ол қазір президент пен Денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрап отыр.

Әлидің өліміне қатысты Тұрар Рысқұлов аудандық ауруханасы түсінік берді.

Өт жолдарының ауруымен 7 қазаннан бері клиникалық хаттамаға сәйкес тиісті зерттеулер жасалып, тағайындалған емді қабылдады. Баланың жағдайы орташа ауырлықта болған. 10 қазанда сағат 06:55-те кенеттен қайтыс болды. Қазір баланың өлім себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі істер бөліміне хабарланған сот-медициналық сараптама тағайындалған, – делінген ресми хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *