«Қатарластарым пәтер, көлік, ақша алып жатыр...»: жас чемпион жергілікті билікке өкпелі (ВИДЕО)
Фотосурет: kpravda.ru
Әуесқой боксшы Төрехан Сабырханның Түркістан облысы құрамасынан кетуіне байланысты туындаған дау туралы оның жеке бапкері Ілияс Оралбеков егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің Бауыржан есімді досымыз бар. Ол бізді Оралға шақырды. Сол кезде Төрехан – әлем чемпионы, 4 дүркін Азия чемпионы және 5 дүркін Қазақстан чемпионы болатын. Соған қарамастан, ол Түркістан облысының атынан өнер көрсетіп жүрсе де бірде-бір рет марапатталмаған. Сол себепті ол маған: «Ағай, менің қатарластарым пәтер, көлік, ақша алып жатыр, ал менде ештеңе жоқ», – деп ренішін білдірді. Оның сөзі шын еді. Бірге жарысқа қатысып жүрген кейбір спортшылар жақсы сыйақы алып жатты. Сол себепті ол ренжіді. Біз Бауыржанмен хабарласып, сөйлестік. Ол: «Төреханға толық қолдау көрсетемін, барлық жағдайын жасаймын, талаптарыңызды орындаймын» деді. Бірақ бұл ұсынысқа Атырау мен Орал қалаларының спорт басқармалары келіспеді. Содан кейін біз Шымкент қаласының әкіміне жүгіндік. Қазір бәріміз осындамыз. Бауыржан да Шымкентке келіп, бірлесе жұмыс істеп жатыр, – деді бапкер.
Айта кетсек, бұған дейін Төрехан Сабырхан Түркістан облысы құрамасынан Атырау облысына ауысатынын мәлімдеген еді. Алайда кейін ол бұл шешімін өзгертіп, Шымкент қаласының құрамасына өтті. Спортшы мұндай шешімге келу себебін Түркістан облысы спорт басқармасынан тиісті қолдаудың болмауымен түсіндірген.
Пікірлер (0)