Партия атауы да, жұмыс стилі де өзгерді
– Біздің жұмысымыздың бағыттары, мақсаттары мен міндеттері айқындалған жаңа саяси платформа қабылданды. Бұл құжат партияның идеологиясын нақты тұжырымдайды. Партия жұмыстарының жаңа форматтары туралы айтып өтсек. Біріншіден, сайлауалды бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстар күшейтілді. Өздеріңізге белгілі, партиямыздың 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы бекітілді. Іс-шаралардың орындалу бойынша Қосшы қаласында жұмыстар жүргізілуде, – деді Ақманат Әлімбетова.
– Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды, аға буын өкілдерін, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымдарын жандандыруға бағытталған «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» бірегей партиялық жобалары бүгін жаңа мазмұнмен толықты. Осылайша, партияның бастамасымен «Баланы мектепке жинайық» республикалық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Жыл сайын акция аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 1 500-ден астам балаға партияластар демеушілік көмек көрсетеді, – деп толықтырды облыстық филиалдың атқарушы хатшысының орынбасары.
Орталық аппараттың келісімі бойынша тәжірибелі және белсенді партия мүшесі Рақымжан Сейдахметов тағайындалды. Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабділбар Абақов, Қоғамдық кеңесінің төрайымы Сайра Матайбаева филиалдың алдағы жұмыстарына тек сәттілік тіледі. Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айдын Төребаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» Жолдауға тоқталып, құжаттағы ел экономикасын өркендетудің жаңа моделін тілге тиек етті.
– Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс» деп басталатын Жолдауда ел экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы белгіленді, – деген ойымен бөліскен Айдын Төребаев партия жұмысына атсалысып, әріқарай бірге жұмыс істеуге сенімі зор екендігін алға тартты.
Жиын соңында жиналғандар қалалық мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков бастамасымен мәслихат депутаттары ашқан “Бірлік” аллеясына барды. Ақманат Әлімбетова депутаттарға ел игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріне алғысын білдірді.
Жанар АХМЕТОВА
Пікірлер (0)