Павлодар облысы әкімдігі айтыскерлер одағына айналды ма?

Жаңалықтар
view 140
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Павлодарлық ақын Алмас Қуантайұлы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өңірдегі мәдени шараларға қатысты өткір сын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бір той – үш жарыс, бірақ…

Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай “Үш дәуірдің айтысы” өтті. Айтысқа қатысқан әрбір ақынға 1 000 000 теңгеден табысталған. Ерекшелігі – орындар бөлінбеген, қатысқанның өзі олжаға айналған.

Ал дәстүрлі ән мен проза байқауында Бас жүлде – небәрі 1 000 000 теңге, сатирада – 350 мың ғана.

“Айтыскерлерге 1 миллионнан үлестіріп беруге болады екен де, дәстүрлі ән жарысының қазылар алқасына 1,5 миллион төлеп Рамазан Стамғазиевті шақыру қымбат саналады. Бұл не деген батпан құйрық?” – дейді Алмас Қуантайұлы.

“Облыстық басқарма айтыскерлер одағына айналды ма?”

Ақынның айтуынша, айтысқа қарсылық жоқ, тіпті 10 млн берсін десе де риза. Бірақ сұрақ: неге жазба ақындар, дәстүрлі әнші, күйші, прозаик, сатириктер екінші қатарға ысырылады?

“Барлығын тең ұстау керек емес пе? Әйтпесе бір ғана саланы көтеріп, қалғанын тұқыртсақ, олар қалай дамиды?” – дейді ол.

Этноауыл – аты бар, заты жоқ

Жаяу Мұсаның тойында Баянауылдағы Мойылды шатқалында этноауыл құрылады деп жарияланған. Бірақ айтулы күні жұрт “бос жүргенін”, тек көрермені аздаған көкпар ғана өткенін айтады.

“Неге жазба ақындар қамтылмады? Неге ғылыми мақала, эссе сынды бағыттар ескерілмеді? Өткенде Исаның тойында да дәл осылай болды”, – дейді Қуантайұлы.

“Жазбасаң – сөздің атасы өледі”

Ақын пікірін: “Жазсаң біреуге өшіккендей, көре алмағандай боласың. Жазбасаң сөздің атасы өледі. Біздің облыстық Шаңырақ орталығы өңірге емес, бір шаңыраққа ғана жұмыс жасап отырған жоқ па?” – деп түйіндеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *