Трамптың әйелі Путинге хат жазды

Жаңалықтар
view 146
news

Reuters

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Мелания Трамп Владимир Путинге арнайы хат жазыпты. Ал оны Ресей президентіне тікелей жеткізген – Дональд Трамптың өзі. Бұл – Анкоридждегі саммиттің кулуарлық символына айналған сәт.

Хаттың мазмұны

Мелания өз сөзінде ең алдымен соғыстан зардап шеккен балаларды атап өтеді. Оның пікірінше, әрбір ұрпақ «тазалықтан» бастайды және бұл – саясат пен шекарадан жоғары құндылық.

– «Құрметті президент Путин, ауылда туған бала болсын, қалада өскен бала болсын – бәрінің аңсайтыны махаббат, мүмкіндіктер мен қауіпсіз өмір. Көшбасшылардың міндеті – осы арманды қорғау», – делінген хатта.

Мелания қазіргі соғыс балаларды шат күлкісінен айырғанын, ал оны қайтару Путиннің қолында екенін айтады. «Балалардың болашағын қорғау – бүкіл адамзат алдындағы жауапкершілік», – деп түйіндейді.

Қанның ащы статистикасы

БҰҰ дерегінше, Ресей Украинаға басып кіргелі бері 13 мың 883 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Оның ішінде 726 бала бар. Тағы 35 мыңнан астам адам жарақат алған, олардың 2 234-і кәмелетке толмағандар.

Саяси астар

Әрине, бірінші ханымның «махаббат пен мейірім» туралы жолдауы сырттай ізгілікке толы. Бірақ саясаттағы әр қадам – символ ғана емес, құрал да. Бұл хат Трамп пен Путин арасындағы келіссөздерге жұмсақ фон қосудың амалы ма, әлде шынымен аналық жанайқай ма – ол жағы беймәлім.

Бір анығы – Путинге қойылған талаптар тым қатал: Axios дерегінше, Ресей басшысы Трамптан Украинаның Донецк пен Луганскіден әскерін әкетуді, Херсон мен Запорожьеде «ұрысты тоқтатуды» талап еткен.

Меланияның хаты – әлемдік саясат сахнасындағы тосын эпизод. Ол адамзаттың ең нәзік тұсы – бала жүрегін тілге тиек еткенмен, оның нақты әсері қандай болатынын уақыт көрсетеді.

Бейбітшілік сөзбен емес, шешіммен жасалады. Ал шешімнің кілті қазір Кремльдің сейфінде құлыптаулы тұр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *