Павлодарда әскери қызметші көз жұмды, тағы бірі оқ жарақатын алды
Фотосурет: дереккөз
Павлодарда Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің бірінде атыс болып, салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші көз жұмды, оның әріптесі жарақат алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық істер қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқы атып, салдарынан өзі сол жерде көз жұмды, тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші жараланды.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Зардап шеккен әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаментінің бақылауында.
ІІМ өкілдері нақтыланбаған ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырады.
Пікірлер (0)