Павлодарда қонақтары жаппай уланған мейрамхана иесі жазадан құтылып кетті

Жаңалықтар
view 132
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Элиталық мейрамханадан 30-дан аса адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында жүкті әйел мен 8 жастағы бала да болған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиғадан кейінгі тексеріс нәтижесінде тағам өнімдерінен стафилококк, сальмонелла және басқа да көптеген инфекцияның іздері анықталған.

Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін мейрамхананың 26 жастағы иесіне қатысты тергеу басталды. Оған ірі көлемдегі айыппұл немесе тіпті бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнгенмен, соңында ер адам амнистияға ілігіп, жазадан босатылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *