Арман Дүйсенов көз жұмғаннан кейінгі дау: 67 млн теңге кім кімге берешек?

Жаңалықтар
view 169
news

Фотосурет: дереккөз

Әнші Индира Елемес журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында қоғамда қызу талқыланып жатқан отбасылық өмірі мен марқұм сазгер Арман Дүйсеновке қатысты қаржылық дау жөніндегі бар шындықты айтты. Бұл ретте ол өзін «екінші әйел» деген қауесетке нүкте қойып, күйеуіне тағылған айыптарға да қарсы жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, Индира Елемес күйеуімен мерекелік кештердің бірінде танысқан. Көпшілік болжағандай, оның екінші әйелі емес.

Қазір жұрттың бәрі мені біреудің отбасын бұзды немесе екінші әйел болды деп жазып жатыр. Бұл – қате пікір. Біз танысқанда ол кісі бос еді. Арамызда 19-20 жас айырмашылық бар. Ол кезде жолдасым өте сымбатты, көрікті жігіт болды, – деп ағынан жарылды әнші.

Сұхбат барысында ең өзекті мәселе – марқұм сазгер Арман Дүйсенов пен Индираның күйеуі арасындағы ірі көлемдегі қарыз мәселесі де көтерілді. Әнші екі достың арасындағы қаржылық келісімдерден мүлде бейхабар болғанын жеткізді. Бұл туралы ол алғаш рет маусым айында Арман Дүйсеновтің жесірі Айсұлу ханымнан естіген. Алайда оқиғаның екінші жағы бар болып шықты.

Мен олардың арасында ақшалай алыс-беріс барын білмедім. 67 миллион теңге туралы әңгімені естігенде, жолдасымнан сұрадым. Ол бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тіпті, керісінше, «олардың маған қарызы бар» деп айтты, – дейді Индира Елемес.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арман Дүйсеновтің зайыбы марқұм күйеуінің атынан ірі көлемде ақша алынғанын айтып, халыққа үндеу жасаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *