Бокстан ӘЧ: Қазақстан жеңімпаздары мемлекеттік сыйақыдан қағылды

Жаңалықтар
view 183
news

Фотосурет: KBF

Дубайда өткен IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орын алғанына қарамастан, боксшыларға мемлекеттен қаржылай сыйақы төленбейтін болды. Бұл шешім халықаралық спорт ұйымдарының мәртебесіне қатысты заңнамалық талаптарға байланысты қабылданған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Тартысты додада Қазақстан 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. IBA тарихтағы ең ірі жүлде қорын ұсынып, оның жалпы көлемі 8,3 миллион долларды қамтыды. Ұйым тарапынан алтын иегерлеріне 300 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 150 мың доллар, қолаға 75 мың доллар, жартылай финалистерге 10 мың доллар төленді.

Ал Қазақстан заңнамасы бойынша, әлем чемпионатында топ жарған спортшыларға әдетте мемлекет тарапынан алтынға 15 мың доллар, күміске 7 мың доллар, қолаға 5 мың доллар көлемінде сыйақы берілуге тиіс. Алайда Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшаловтың түсіндіруінше, мемлекет сыйақыны тек Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мойындаған ұйымдар өткізетін ресми турнирлерге ғана төлей алады. Қазір ХОК World Boxing ұйымын таниды, ал IBA ресми мойындалмаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бокстан ӘЧ: Қазақстан 2-орын алды

Сондықтан IBA ұйымдастырған бұл чемпионаттағы жетістіктер үшін мемлекеттік сыйақы төленбейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *